Ұлы Жібек жолы бойындағы топонимдерді кешенді зерттеудің негізгі бағыттары
Қаралымдар: 472 / PDF жүктеулері: 507
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-144-3-46-60Кілт сөздер:
топонимия, тарихи топоним, тарихи-лингвистикалық негіз, лингво-географиялық негіз, лингвистикалық негіз, этимология, дексика-семантикалық классификацияАңдатпа
Мақала Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи топонимияны зерттеу бағыттарына арналған. Топонимия жалқы есімдердің құрамына жататындықтан, тіл білімінің нысаны болып саналғанмен, онымен шектесетін ғылым салаларының да өзіндік орны үлкен. Топонимдерді тіл білімінің нысаны тұрғысынан зерттегенде құрылымдық жүйесі, этимологиялық негіздері, шығу уәждері т.б. лингвистикалық ерекшелігіне назар аударылады, алайда бұлай болғанда белгілі бір атаумен аталып тұрған нысанның пайда болу дәуірі, мағынасындағы тарихи мәліметтер және географиялық нысанның сипаты, тұрған орны, өзге нысандармен арақатынасы т.б. секілді мағынамен бірге қамтылып тұратын ақпараттар назардан тыс қалады. Осы мәселелер ескеріле отырып, мақалада кешенді зерттеу әдістері басшылыққа алынды. Лингвистикалық, тарихи, географиялық зерттеу бағыттары кешенді зерттеудің компоненттері ретінде қарастырылды, өйткені топонимика осы үш саланың тоғысатын жерінде пайда болған ғылым. Топонимдердің табиғатындағы осы ерекшелік ескеріле отырып, Жібек жолы бойындағы тарихи топонимдер тарихи-лингвистикалық, лингво-географиялық және лингвистикалық тұрғыдан қарастырылды. Мақалада та
лдауға алынған топонимдер архив құжаттары мен халық қолданысында ауызша жеткен деректерден алынды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.


