Ырықсыз етісті қолданудағы салғастырмалы талдау
Қаралымдар: 264 / PDF жүктеулері: 151
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-155-166Кілт сөздер:
ырықсыз етіс, семантика, салыстыру, ұқсастық, айырмашылықАңдатпа
Мақалада туыстық байланысы жоқ екі тілдік жүйедегі ырықсыз етіс құрылымдарының қолданылу ерекшеліктерін салғастыруға бағытталған. Зерттеудің мақсаты – қазақ және ағылшын тілдіеріндегі ырықсыз етістердің грамматикалық құрылымдарын, синтаксистік және семантикалық қызметтерін, сондай-ақ олардың когнитивтік аспектілерін кешенді түрде қарастыру. Мақалада ырықсыз етістің функционалдық-семантикалық ерекшеліктеріне байланысты когнитивтік құзыреттілікке ерекше назар аударылады. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі етіс категориясын зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың пікірлерін ескере отырып, теориялық және практикалық әдістерді біріктіретін кешенді зерттеу әдістемесі сипатталған. Сонымен қатар, екі тілдегі ырықсыз етісті зерттеудің маңыздылығы атап көрсетіледі. Екі тілдегі ырықсыз етістің ерекшеліктері мен қолданылу аясы мысалдар арқылы көрсетіледі. Етіс құрылымдарының синтаксистік және семантикалық функциялары ашылып, олардың сөйлемдегі рөлі айқындалады. Айырмашылықтар мен ұқсастықтарды терең зерделеудің маңыздылығы салғастырмалы грамматика саласын ғылыми тұрғыдан байыту қажеттігін дәлелдейді. Зерттеудің практикалық деңгейі тілді оқытудың негізделген әдістерін ұсынады. Зерттеу білім беру саласына үлесін қосып, ырықсыз етістің семантикалық қызметін тереңірек түсіндіру арқылы тіл үйренушілерге қазақ және ағылшын тілдеріндегі грамматикалық құрылымдарды ажыратуға көмектеседі. Зерттеу нәтижелері көптілді ортада коммуникативтік дағдыларды дамытуға және тілдер арасындағы өзара түсіністікті арттыруға ықпал етеді. Зерттеу екі тілдегі ырықсыз етістің функционалдық маңыздылығын атап, тіл үйренушілерге теория және практикалық жағынан тиімділігін көрсетеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




