Ырықсыз етісті қолданудағы салғастырмалы талдау


Қаралымдар: 93 / PDF жүктеулері: 70

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-155-166

Кілт сөздер:

ырықсыз етіс, семантика, салыстыру, ұқсастық, айырмашылық

Аңдатпа

Мақалада туыстық байланысы жоқ екі тілдік жүйедегі ырықсыз етіс құрылымдарының қолданылу ерекшеліктерін салғастыруға бағытталған. Зерттеудің мақсаты – қазақ және ағылшын тілдіеріндегі ырықсыз етістердің грамматикалық құрылымдарын, синтаксистік және семантикалық қызметтерін, сондай-ақ олардың когнитивтік аспектілерін кешенді түрде қарастыру. Мақалада ырықсыз етістің функционалдық-семантикалық ерекшеліктеріне байланысты когнитивтік құзыреттілікке ерекше назар аударылады.  Қазақ және ағылшын тілдеріндегі етіс категориясын зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың пікірлерін ескере отырып, теориялық және практикалық әдістерді біріктіретін кешенді зерттеу әдістемесі сипатталған. Сонымен қатар, екі тілдегі ырықсыз етісті зерттеудің маңыздылығы атап көрсетіледі.  Екі тілдегі ырықсыз етістің ерекшеліктері мен қолданылу аясы мысалдар арқылы көрсетіледі. Етіс құрылымдарының синтаксистік және семантикалық функциялары ашылып, олардың сөйлемдегі рөлі айқындалады. Айырмашылықтар мен ұқсастықтарды терең зерделеудің маңыздылығы салғастырмалы грамматика саласын ғылыми тұрғыдан байыту қажеттігін дәлелдейді. Зерттеудің  практикалық  деңгейі тілді оқытудың негізделген әдістерін ұсынады. Зерттеу білім беру саласына үлесін қосып, ырықсыз етістің семантикалық қызметін тереңірек түсіндіру арқылы тіл үйренушілерге қазақ және ағылшын тілдеріндегі грамматикалық құрылымдарды ажыратуға көмектеседі. Зерттеу нәтижелері көптілді ортада коммуникативтік дағдыларды дамытуға және тілдер арасындағы өзара түсіністікті арттыруға ықпал етеді. Зерттеу екі тілдегі ырықсыз етістің функционалдық маңыздылығын атап, тіл үйренушілерге теория және практикалық жағынан тиімділігін көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тәубеева T. ., & Игиликова I. . (2025). Ырықсыз етісті қолданудағы салғастырмалы талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 151(2), 155–166. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-155-166