Қазақ, қытай тілдеріндегі эмотивті фразеологизмдерді лингвомәдени тұрғысынан талдау
Қаралымдар: 370 / PDF жүктеулері: 494
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-143-2-19-26Кілт сөздер:
эмоция, фразеология, фразеологизмдер, лингвомәдениеттану, мәдениет, мәдени коннотация, әлем бейнесіАңдатпа
Әр халықтың тілінде ұлттық колоритті білдіретін сөз тіркестері болады.
Фразеологизмдерде ұлттық мәдениеттің, тарихтың ақпараты сақталады. Қазақ,
қытай фразеологизмдері өзіндік мәдени айырмашылықтарымен ерекшеленеді. Бұл өз
кезегінде қазақ, қытай тілдерінің фразеологизмдерін түсінуде кедергі тудырады.
Бұл мақалада қазақ және қытай халықтарының тілі мен мәдениеті ескеріле отырып,
лингвомәдениеттану ғылымының тұрғысынан адамның эмоциясын білдіретін
фразеологизмдердің қолдану ерекшелігі қарастырылады. Сондай-ақ, қазақ, қытай
фразеологизмдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары сараланып, екі халықтың
мәдени ерекшеліктері талқыланған.
Мақалада жүргізілген зерттеудің талдау нәтижелері ұсынылып, фразеологизмдердің
қалыптасуына тарихи, әлеуметтік және мәдени оқиғалар мен құбылыстардың әсер
ету нәтижесі көрсетілген.
Бүгінгі таңда салыстырмалы фразеология жан-жақты қарастырылып, теориялық
және практикалық қолданбалы жақтары терең зерттеліп келеді. Сондай-ақ,
фразеологизмдерді лингвомәдени тұрғысынан қарастыру әр халықтың ұлттық
ерекшелігін тануда маңызды орынға ие.
Фразеологизмдерді түсіну халықтың мәдени коннотациясымен тығыз байланысты.
Аталмышмақала қытайтілін үйренушілерге қазақ, қытай фразеологизмдерінің мәдени
коннотациясын түсінуге, сондай-ақ, олардың коммуникациялық машығын жетілдіруге
көмектеседі. Екі тілдегі фразеологизмдерді лингвомәдени тұрғысынан зерттеу тіл
үйренушілеріне фразеологизмдерді орынды пайдалануға, мәдениетаралық коммуникация
барысындағы түсініспеушілікті жоюға көмектеседі, тіл үйрену барысында көптеген
кедергілердің алдын алуға септігін тигізеді. Мақала материалдары лингвистика мен
тілдерді зерттейтін оқытушылар мен студенттер үшін практикалық құндылығы
бар. Бұл мақалада жалпы саны 100 эмотивті фразеологизмдер іріктелді, оның ішінде
қазақ тілінде -60, қытай тілінде-40.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




