Ежелгі үнді сюжетінің Mайлықожа Cұлтанқожаұлының «Тотынама» мысалында трансформациялануы
Қаралымдар: 295 / PDF жүктеулері: 580
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-142-1-177-191Кілт сөздер:
ақын, трансформация, сюжет, әдеби ескерткіштер, ауызша жырлау, әлемдік үрдісАңдатпа
Бұл мақалада қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлының «Тотынама» атты шығармасының желісі мен ежелгі үнді әдеби ескерткіштерінде кең таралған сюжеттің өзара үндестігі жан-жақты қарастырылған.
«Панчатантра», «Кәлила мен Димна» және «Хитопадеша» сияқты әлемге танымал шығармаларда баяндалған тасбақа мен екі құстың оқиғасы көптеген елдердің әдебиетінде түрліше көрініс тапқаны мәлім. Әр жұрттың белгілі бір шығарманы өз табиғатына бейімдеп, қайта түзген кезде, оның біршама өзгеріске ұшырауы – заңды нәрсе. Көне сюжеттердің төркіндестігін аңғартатын бұл құбылыс осы зерттеуге арқау болып отыр. Орталық Азияның бірқатар халықтарының сөз өнеріне енген, қазақ жеріне түрлі жолдармен жетіп, руханият қазынасына қосылған көшпелі сюжеттің даму ерекшеліктері айқындалып, жаңа туындыны жырлау кезінде қандай өзгеріске түсетінін зерделеуге ден қойылған. Осы сюжетке негізделген қазақтың хайуанаттар туралы ертегілерінің шығу төркіні жөнінде байыптама жасалған. Бақа мен екі тотының хикаясы жырланған Майлықожаның «Тотынама» мысалы ауызша авторлық поэзияның үлгісі ретінде зерттеу нысанасына айналған.
Мақала авторы орта ғасырларда жазбаша шыққан қара сөз түріндегі шығарманың қазақ топырағында өлеңге айналу жолдарына, жырлану ерекшеліктеріне, сюжеттің түрлену тәсілдеріне жан-жақты талдау жасайды. Көне үнді сюжетінің басқа әдебиеттерге ауысу барысындағы трансформациялану үдерісін айқындауға және бұл өзгерістер Майлықожаның «Тотынама» мысалында қалай орын алғанын көрсетуге мән берілген
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




