Рецензенттерге

Құрметті рецензенттер!

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы, Филология сериясы» журналының ғылыми жарияланымдарының сапасын қамтамасыз етуге қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіреміз. Төменде журналға ұсынылған материалдарды бағалау үшін негізгі ұсыныстар мен шолу құрылымы берілген.

Рецензия мақсаттары:

- Мақаланың өзіндік ерекшелігін, түпнұсқалығы мен ғылыми жаңалығын бағалау.

- Мақала мазмұнының журналдың тақырыбына және мақсат-міндеттеріне сәйкестігін тексеру.

- Мәтін сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар беру.

- Жариялау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау.

 

Рецензиялау бойынша жалпы талаптар

  1. Объективтілік және бейтараптық. Мақаланы талдаған кезде жеке немесе кәсіби мүдделеріңізге жол бермеңіз.
  2. Құпиялылық. Мақаланың мазмұны немесе (көрсетілген жағдайда)авторлардың деректері туралы ақпаратты таратпаңыз.
  3. Конструктивтілік. Ескертулеріңіз анық, түсінікті болу керек және жақсарту бойынша нақты ұсыныстар берілу керек.

 

Бағалау критерийлері

Барлық ғылыми мақалалар келесі үш критерий бойынша 100 балдық шкала бойынша бағаланады:

 

 

Өте төмен

(0-20 ұпай)

Төмен

(21-40 ұпай)

Орташа

(41-60 ұпай)

Жоғары

(61-80 ұпай)

Өте жоғары

(81-100 ұпай)

а) зерттелетін мәселенің өзектілік дәрежесі

 

 

 

 

 

b) алынған нәтижелер деңгейі - ғылыми салаға қосқан үлесі

 

 

 

 

 

c) мақаланың оқылуы, маман емес адамдар үшін мақаланы оқу ыңғайлылығы

 

 

 

 

 

 

Жұмыстарды қарау кезінде келесі сұрақтарға жауаптарды іздеу рецензияны қалыптастыруға көмектеседі:

- Автор қойған мәселе қаншалықты өзекті болып келеді?

- Мақала жаңа ғылыми мәселені жеткілікті түрде ашады ма, әлде бұрыннан бар мәселеге үлесін қосады ма?

- Мақала журналдың тақырыбына сәйкес келе ме?

- Мақаланың құрылымы мен мазмұны. Материал логикалық және дәйекті түрде берілген бе?

- Мақаланың мазмұны аталған мақсат-міндеттерге сәйкес келе ме?

- Мақаланың бөлімдері (кіріспе, әдістеме, нәтижелер мен талқылау, қорытынды) ғылыми стандарттарға сәйкес келе ме?

- Зерттеу әдістері қаншалықты дұрыс қолданылған және негізделген?

- Жұмыста дереккөздерге сілтемесіз қолданылған материалдар (плагиат) бар ма?

- Жұмыста ғылыми стиль сақталған ба?

- Тұжырымдамалар дәл әрі нақты берілген бе? Түсініксіздік жайттар кездеседі ме?

- Грамматикалық немесе стилистикалық қателіктер бар ма?

- Мақалада нақты кемшіліктер немесе әлсіз жақтар бар ма?

 

Мәтінді жақсарту үшін қандай өзгерістер енгізу керектігін көрсетіңіз.

Мақаланы нақтылау бойынша ұсыныстар беріңіз (қажет болса).

Егер сіз мақаланы мүдделер қақтығысына байланысты бағалай алмасаңыз, редакцияға хабарлаңыз.

Егер мақала сіздің құзыретіңізден тыс болса, рецензия беруден бас тартыңыз.

 

Назар аударыңыз!!!

- Барлық шолулар жасырын түрде беріледі.

- Рецензент өзінің жеке деректерін қандай да бір түрде көрсетпеуі тиіс.

Ынтымақтастық үшін және ғылымның дамуына қосқан үлесіңіз үшін рахмет!

 

Рецензия формасын осы жерден қараңыз.