Фольклорлық жанр және мәтін модификациясы
Қаралымдар: 309 / PDF жүктеулері: 190
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-248-258Кілт сөздер:
фольклортану, жанр, мәтін, семиотика, прагматика, интермәтін, фольклоризм, постфольклор, модификацияАңдатпа
Бүгінде фольклортану саласы интегративті ғылым ретінде жаңашыл концепцияларын кеңейтіп жатқаны аян. Жаңа ракурстағы көпсалалы әрі күрделі сипатын кешенді зерделеу – жаһандану жағдайындағы күрделі де келелі мәселелердің бірі. Фольклор жанрларын жаңа призмада талдап, жүйелеуде мәтін мәселесін қарастырудың өзектілігі мен қажеттілігі зор. Өйткені фольклорлық мәтін өзінің полифониялық құрылымын ерекшелейтін айрықша заңдылықтар негізінде қалыптасады. Фольклорлық мәтін – бұл әдеби мәтіннен де, тұрмыстық мәлімдеуден де ерекшеленетін құбылыс. Фольклорлық мәтіннің табиғаты, пайда болу ұстанымдары, өмір сүру формалары және халықтың жадында сақталуы оның даралығын айқындайды. Мәтінді семиотикалық тұрғыда «мәдени хабарлама» беретін белгілердің қатары не комбинациясы (сөздік, бейнелік, заттық, т.б.) деп атауға болады. Зерттеу мақсаты жанр мен мәтіннің модификациясын классикалық және постфольклор контексіндегі дифференциация мен интеграция эволюциясы арқылы тұжырымдауға бағытталған. Жалпы, фольклор жанрларын саралауда прагматикалық аспектідегі функционалдық принциптің рөлін айқындау үшін дәлелдер мен дәйектер келтіруге мән беріледі. Аталған мақала аясында фольклорлық мәтінді семиотика аспектілері арқылы зерделеу, фольклорлық жанрлардың дифференциясы мен интеграциясын негіздеу, бүгінгі мәдениет ауқымындағы постфольклорлық жанрлар моделін қарастыру мәселелерінің негізін ашу міндеттері алға қойылған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




