Ғылыми мәтін кеңістігіндегі әлем бейнесі
Қаралымдар: 517 / PDF жүктеулері: 178
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-149-4-88-101Кілт сөздер:
ғылым, ғылыми мәтін, ғылыми дискурс, әлем бейнесі, ғылыми тіл, әлемнің ғылыми бейнесі, әлемнің ұлттық ғылыми бейнесіАңдатпа
Мақала ғылыми мәтін кеңістігіндегі әлем бейнесін анықтауға бағытталып жазылды. Қазіргі таңда ғылыми мәтіннің ғылым тілі мен ғылыми білімді дамыту жолында маңызы зор. Әлемнің ғылыми бейнесінің негізінде әлем бейнесі, әлемнің тілдік бейнесі тұрғаны анық. Себебі әлем көбіне тіл арқылы түсіндіріледі. Соған сәйкес ғылым да тіл арқылы түсіндіріледі. Ғылым сан салалы болғанымен, әртүрлі тілде жазылып, әртүрлі ұлтқа тиесілі болады. Тіл ғылымды жандандырады, тіл ғылымды түсіндіреді. Бұл мақалада ғылыми мәтін әлемнің ғылыми бейнесі, әлем бейнесі, әлемнің тілдік бейнесі ұғымдарымен байланыста қарастырылып, «әлем бейнесі – әлемнің тілдік бейнесі – әлемнің ғылыми бейнесі» жүйесі арқылы түсіндірілді. Мақалада А.Байтұрсынұлының «Тіл - құрал» оқулығының «Сөйлем жүйесі мен түрлері» атты үшінші кітабындағы мәтіндері тілдік дерек ретінде қолданылды. Аталған еңбектегі әлемнің ғылыми бейнесі автордың тілдік және аялық білімі, танымдық ерекшелігі арқылы талданды. Ғылыми мәтіндегі ғылыми ақпаратты жеткізуші тілдік бірліктер (терминдер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, әдеби сөздер) танымдық, стильдік және прагматикалық тұрғыда талданып, ғылыми мәтін кеңістігіндегі әлем бейнесін анықтауда пайдаланылды. «Тіл-құралдың» «Сөйлем жүйесі мен түрлері» кітабындағы ғылыми терминдер жинақталып, «Қазақ грамматикасындағы» терминдермен салыстырылды. Ғылыми мәтіннің ерекшелігі ретінде терминдер, анықтамалар көрсетілді. Мақал-мәтелдердің ғылыми мәтіндегі орны туралы талдаулар жасалды. Тілдегі ұлт бейнесі тілдік деректер арқылы түсіндіріліп, ғылым тілі ұлт тілімен сабақтастырылды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




