Абай дәстүрі Мағаз Разданұлы өлеңдерінде
Қаралымдар: 185 / PDF жүктеулері: 103
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-230-246Кілт сөздер:
Мағаз Разданұлы, өлеңдері, Абай үлгісі, философиялық тереңдік, тарихи астары, көркемдік шеберлік.Аңдатпа
Мақалада М. Разданұлының шығармашылық өсу жолы, Абайдан қабылдаған үлгісі (мазмұн, форма жағынан) зерттеледі. Зерттеудің мақсаты – Мағаз жасампаздығының ашылмаған тың қырларын ашу. Мағаз қытайдағы қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі болған дарынды ақын. Ол поэзиясында өз басынан кешкен күрделі өмірді суреттей отырып, XX ғасырдың 30-ші жылдарынан 80-ші жылдар аралығында болған Қытай қоғамының тарихи, әлеуметтік шындығын ашады. Осы мақсатты орындау үшін оның «Асулар толғауы», «Уақытқа жауап», «Босаға», «Ертең» қатарлы жыр кітаптарына талдау жасалады. Мағаз өлеңдеріндегі шеберлік пен тереңдікті зерттеу де, әсіресе ондағы Абай үлгісін көрсету кезінде екі ақынның өлеңдері салыстыра талданады. Сондан-ақ зерттеудің теориялық негізін бекемдеу үшін шетелдік жазушы, философтардан Дерек Джонстон, Реми Хесс, Нән Фань, Ло Гэньзы, Фыи Фың, ал отандық ғалымдардан Мұхтар Әуезов, Ғарифолла Есімнің ғылыми тұжырымдары басшылыққа алынды. Мақаланың ғылыми және практикалық маңыздылығы – зерттеу нәтижесінде М.Разданұлының поэзиялық мұрасы туралы маңызды тұжырымдардың жасалуы. Зерттеудің жаңалығы мен нәтижесі – Мағаз Разданұлының Абай дәстүрін жалғастырушы ақын екенінің дәйектелуі. Сондай-ақ ақынның түрмеде туған тағдырлы жырларындағы уақыт шындығы мен философиялық мәні танытылады. М.Разданұлының абақтыда туған шығармаларының тарихи мәні, заманалық суреті қоса көрсетіліп, оны ақын басынан кешкен күрделі өмір шындығымен сабақтастырыла қарастырлады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




