Заманауи суретшілер жасаған Николай Гумилевтің шығармашылық портреті: стиль және синтез
Қаралымдар: 292 / PDF жүктеулері: 139
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-149-4-166-174Кілт сөздер:
лирика, ХХ ғасыр поэзиясы, авторлық әлем көрінісі, көркем бейне, әдеби тәсіл, жанр.Аңдатпа
Бұл мақала өнер мен әдебиеттегі портрет феноменіне арналған, оның типологиясын, философиялық және мәдени аспектілерін ашады. Николай Степанович Гумилевтің бейнесі, акмеизмнің теоретигі және ақыны, ерекше тартымдылық пен тереңдікке ие. Оның мұрасы шығармашылық автопортретті, сондай-ақ, замандастары: ақындар мен суретшілер жасаған портреттерді қамтиды. Осы жұмыстың мақсаты - Николай Гумилевтің шығармашылық портретін, әртүрлі өнер саласындағы шеберлер жазған, ерекшеліктерін суреттей отырып, оған тиесілі «мәдени дәуір стилінің» (П.Н. Сакулин) белгілерін білдірген туындыларды қайта жасау. Ақынның бейнесін қалыптастыруда жеке тұлғаны анықтау үшін, суретші немесе ақын нақты тұлғаның және портреті жасалатын адамның рухани мәнін дәл және әсерлі сипаттауға қабілетті құралдарды пайдалануы тиіс. Мұны жүзеге асыру үшін Ф.И. Буслаев әзірлеген және XIX-XX ғасырлар тоғысындағы әдебиет теориясының көрнекті зерттеушісі В.М. Жирмунскиймен сынақтан өткізілген салыстырмалы-тарихи әдіс, сондай-ақ, портреттерде қолданылатын белгілер мен символдардың терең мағыналарын талдауға мүмкіндік беретін семиотикалық талдау қолданылды. Бұл зерттеу әрбір нақты жағдайда жалпы мен жекелеген элементтерді анықтауға және XX ғасырдың басындағы күрделі және трагедиялық дәуірдің ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




