Бекітілген терминдердің қолданылуындағы бірізділік проблемалары (оқулықтар, сөздіктер, заңнама құжаттары негізінде)
Қаралымдар: 300 / PDF жүктеулері: 155
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-150-1-112-129Кілт сөздер:
терминология, мектеп терминологиясы, біріздендіру, сөздік, Терминком, заңнама.Аңдатпа
Мақала жоғары сыныпқа арналған мектеп оқулықтарындағы, терминологиялық түсіндірме және салалық сөздіктердегі кейбір терминдерді Республикалық терминология комиссиясы (бұдан әрі – Терминком) бекіткен нұсқаларымен және заңнамадағы қолданысымен салыстыра отырып, Терминком бекіткен кейбір терминдердің қолданылу мәселелеріне арналады.
Зерттеу нәтижесінде мектеп оқулықтарында кейбір терминдердің қолданылуына қатысты мынадай жайттар анықталды: терминдердің Терминком бекіткен нұсқалары қолданылмаған; Терминком бекітпеген терминдер қолданылған; әр сыныптағы бірдей терминге әртүрлі дефиниция (анықтама) берілген; оқушы қабылдауға қиын, стилі дұрыс құрылмаған дефинициялар да кездеседі; бір терминге әртүрлі дефиниция берілген.
Терминологиялық түсіндірме және салалық сөздіктерде кейбір терминдердің қолданылуына қатысты мынадай жайттар анықталды: Терминкомда бір термин әр жылдары әртүрлі нұсқада бекітілген; терминдер бірнеше салалық сөздікте әртүрлі нұсқада аударылған; заңнама мен Терминкомда бірізді қолданылған терминдер де кездеседі; сөздіктерде бір терминнің бірнеше жарыспалы нұсқасы берілген; барлық қолданыста бірізді берілген терминдер де бар; кейбір терминдер заңнамада қолданылмайды; кейбір терминдер Терминкомда бекітілмеген.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: терминологияны реттеу, жүйелеу, біріздендіру мәселелерін шешуге, терминография, қолданбалы терминология салаларының ғылыми негіздерін дамытуға үлес қосады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: терминологиялық сөздіктердің мазмұны мен құрылымын жетілдіру мақсатында лексикографиялық практикада қолдануға болады.
Зерттеу барысында жинақтау, сұрыптау, сипаттау, жүйелеу, морфологиялық, синтаксистік талдау, фактологиялық, лексикографиялық, пәнішілік және пәнаралық салыстыру әдістері пайдаланылды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




