Шетел тілін қабылдау жағдайындағы әдеби ономастиканың ашықтығы
Қаралымдар: 338 / PDF жүктеулері: 166
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-150-1-46-58Кілт сөздер:
мәдениетаралық қарым-қатынас, ономастикон, категориялық қақтығыс, семантикалық антономасия, өзгетілді қабылдау.Аңдатпа
Мақалада өзгетілді мәдени және ұлттық дәстүр шеңберінде әдеби ономастиконды қабылдау ерекшеліктерін зерттеу қарастырылады. Зерттеудің әдіснамалық негізі ономастика саласындағы теориялық еңбектер, сондай-ақ аталған тақырыпты қамту мақсатында қолданылған коммуникативті-прагматикалық, этнолингвистикалық, лингвомәдени және функционалды-стилистикалық тәсілдер болды. Көтеріліп отырған тақырыптың өзектілігі ономастиканың көркем мәнмәтін құрылымындағы прагматикалық және синтагматикалық қатынастар жүйесіне енуінде және оқырман қабылдауының тиісті деңгейіне есептелуінде жатыр. Зерттеу жұмысының жаңалығы – түпнұсқа және аударылған мәтіндердің ономастиконының семантикалық, стилистикалық және эмоционалдық өзектілігіне қатысты мәселелердің ауқымын жүйелеу. Өзгетілді мәдениет пен менталитет кеңістігінде фольклорлық есім ертегі әдеби кейіпкерінің есімі сияқты өзінің әмбебаптығы мен ақпараттық қабілетін жоғалтып, нәтижесінде супермәтіндік және тар тілдік деңгейлерде категориялық қақтығыс пайда болатыны тұжырымдалады. Метафоралық-семантикалық әдеби топонимия, метонимияға құрылған антономасиялар өзгетілді оқырман қабылдауында қиындықтар туғызатыны анықталады. Мәселе жартылай аударма немесе фразалық түсініктеме арқылы шешіледі, бірақ бұл жағдайда бастапқы көркем мәнмәтіннің семантикалық және эмоционалдық мазмұны жоғалады. Өзгетілді қоғам шеңберінде мәдени құзіреттіліктің жетіспеушілігіне байланысты жалқы атауды әртүрлі субъективті түсіндіруге болады. Әдеби ономастиканың транспаренттілік мәселесін сәтті шешу түпнұсқа мәтінді мұқият талдау қажеттілігімен және өзгетілді қабылдаушының психикалық, лингвистикалық және әлеуметтік-мәдени бағытында ең жақын сәйкестіктерді табумен байланысты деген қорытынды жасалады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




