Сын және сыншы танымы
Қаралымдар: 245 / PDF жүктеулері: 176
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-149-4-184-193Кілт сөздер:
сын, сыншы, құндылық, эстетика, таным, тұжырым.Аңдатпа
Бүгінгі қоғамда орын алып отырған жаһандану мен гуманизация эстетикалық-рухани саладағы құндылықтарды бағалаудың жаңа парадигмасын орнықтырды. Осы ретте ұлттық мәдениет пен әдебиетке, оның салаларына ерекше көңіл бөлу қажеттігі туындайды. Сын – қоғамдық даму мен санаға, көркемдік қабылдауға әсер ететін ерекше форма.
Әдеби сын – әдебиеттанудың құрамдас бөлігі ретінде, әдебиеттің тарихы және теориясымен тығыз байланысты болады. Сын сөз өнерін тануға, өмір шындығын эстетикалық тұрғыда игеру заңдылығын түсінуге бағыттайды. Сол арқылы әдеби шығармашылықтың мән-маңызы ашылады. Әдеби сын әдеби үдерістің дамуын бағалап, көркем туындыны бүгінгі күн тұрғысынан саралайды. Әдеби-көркем дүниенің идеялық-эстетикалық сапасын бағдарлай отырып, сын оның нақты кезеңдегі даму деңгейін айқындайды. Осы тұрғыдан келгенде сынның да даму, кемелдену сатысы болған. Әдеби сынның тарихи тамырын аңдағанда, оның тереңде екеніне көз жеткіземіз. Сынның объективтілігі мен көркем-эстетикалық бағалауы әдебиет пен өнердің төмендеуін болдырмауға ықпал етеді. Сын жанры өткір, сарабдал сыншыны қажет етеді. Сынның дамуында танылған тұлғалардың бірі – Т.Кәкішұлы. Зерттеушінің сын саласындағы еңбектері осы жанрға қосқан ерекше үлесін байқатады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




