Шәкәрім өлеңдеріндегі кейіпкерлердің түпбейнесі
Қаралымдар: 326 / PDF жүктеулері: 319
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-148-3-160-169Кілт сөздер:
Шаһкерім қажы, Альфред Гвинн Вандербильт І, Хишам ибн Әбд әл-Мәлік, Ан Лушан көтерілісі, Америка, Омейяд халифаты, Шөліркеу күні, Тан империясы.Аңдатпа
2023 жылғы 11 шілдеде қазақтың дарынды ақыны, жазушысы, композиторы, философ-ойшылы, ғалым-тарихшы Шаһкерім
Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толды. Шаһкерім Құдайбердіұлы ақталғаннан бері оның шығармашылығы мен қызметін зерделеу бағытында елеулі жұмыстар атқарылғаны сөзсіз. Отандық ғалымдар
орасан зор мәтіндік жұмыстар жүргізілгенімен, тоқталып, ерекше назар
аударуға тұрарлық жайттар бар.
Бұл мақалада автор алғаш рет Шаһкерім шығармаларына талдау жасады. Зерттеу нәтижесінде ақынның шығармашылығында орын алған үш тарихи кейіпкерді анықтауға мүмкіндік туды. Ақын олардың есімдерін сол кездегі қазақ емлесінде қолданған: ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ауқатты қазақтардың меценаттық қызметінің
прототипі ретінде әрекет ететін англо-саксондық ержүрек джентельмен
Альфред Гвинн Вандербильт І автордың шығармаларында Уолдер Белдет
деген атпен белгілі. Хишам ибн Әбд әл-Мәлік атты омейядтық халиф Шаһкерімде «Ашам патса» деген атпен танымал, шығарма желісінде патшаға сөз додасында лайықты қарсылық көрсетіп, жеңіске жеткен
бақташы сипатталады. Күллі Тан империясын дүр сілкіндірген көшпенді
дипломат Ан Лушанды ақын Пан-Жи-Зан хан деп атаған. Шаһкерімнің шығармаларында әлі де анықтауды қажет ететін бірқатар тұлғалар бар. Ақынның өз зерттеулерінде қолданған басқа дереккөздерді зерттеу арқылы осы мақсатқа қол жеткізуге болады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




