Қазақ қызына қатысты салт-дәстүрлердің «Тіл-Мәдениет-Қоғам» контексіндегі көрінісі
Қаралымдар: 520 / PDF жүктеулері: 3441
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-137-4-136-149Кілт сөздер:
салт-дәстүр, әдет-ғұрып, фразеологиялық фрагмент, лингвокреативтілік, мәдениет, концепт, этнос, лингвомәдениеттануАңдатпа
Мақалада қазақ халқының қыз балаға арналған салт-дәстүрлердің ерекше тұстары сөз болады. Қазақ халқының дүние бейнесінің фразеологиялық фрагменттерінде бекіген жалпы қыз бала туралы ұғым-түсініктердің ұлттық сипаты «Тіл-Мәдениет-Қоғам» контексінде суреттеледі. Қазақ халқының салт-дәстүрге деген көзқарасын, оның құндылықтары мен қолданыстағы орнын фразеологиялық тіркестер арқылы келешек ұрпаққа шеберлікпен таныстыру мақсат етіледі. Кез келген қазақ отбасында қыз бала еркін, уайым-қайғысыз, оң жақта, еркелеп бойжетеді. Жалпы қыздың болмысы жаратылысынан өте нәзік, сүйкімді, инабатты болып келеді. Осы қасиеттердің барлығы өн бойынан табылып, тал шыбықтай майысып өсуіне салт пен дәстүрдің де ықпалы зор. Ата-бабамыз қыздарды кішкентай кезінен ақылдылыққа, тапқырлыққа, сабырлыққа, шыдамдылыққа үйрете отырып, келешекте осы қасиеттер арқылы үлкен белестерді бағындыра алатындығын түсінген. Қазақ қызға жат жұрттық немесе екі елді байланыстырушы, елші ретінде қараған. Бөтен елге ұзатылған қыздың бойында қалыптасқан мінезі мен тәрбиесі арқылы бүтін бір рулы елдің болмысы бейнеленген. Сондықтан, қазақ қызды қырық үйден тыйып, дүйім ел болып тәрбиелеген. Тұрмыс құруға лайықты жасқа келгенде қызды абыроймен өз теңіне ұзату әрбір ата-ананың міндеті мен парызы. Сол мақсаттарға жету кезінде атқарылатын шаралардың барлығы салт-дәстүрден тыс қалмайтыны назарға алынды. Зерттеу қазақ халқының қыз балаға қатысты күнделікті және ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерін тереңірек ашуға бағытталған. Фразеологиялық тіркестер қыз баланың әдемілігі мен қадыр-қасиетін тілдік тұрғыда ашуға бағытталған негізгі құрал болып табылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




