Тілдік медиацияның түрлері мен фунционалдық өрісі
Қаралымдар: 220 / PDF жүктеулері: 155
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-147-2-81-96Кілт сөздер:
лингвистика, коммуникация, сөйлеу актілері, медиация, интерактивті медиация, бейинтерактивті медиация.Аңдатпа
Мақалада тілге тән қызметтің жеке бір түрі болып табылатын тілдік медиация туралы мәселелер қарастырылады. Жалпы ғылымдағы «медиация» – екі тараптың ынтымақтастығына негізделген қарым-қатынас. Қарым-қатынас барысында туындаған қиындықтарды, кикілжіңдерді, түсініспеушіліктерді шешу кезінде медиацияны сәтті қолдану қарым-қатынас жасау мәдениетін жақсартуға ықпал етеді. Бұл тақырып қазіргі шетел лингвистері арасында кеңінен талқыланып жүр. Десе де қазақ тіл білімінде әлі қарастырылмаған тың тақырып, демек, өзектілігі де осында. Тілдік медиацияға негізделген зерттеу жұмысында
«медиация» терминінің нені білдіретіні, оның түрлері туралы түсінік беріледі.
Күнделікті өмірден, мерзімді баспасөз беттерінен алынған мысалдарды талдау
арқылы терминнің тілімізде қандай қызмет атқаратынын ашып-көрсетуге бағытталады. Медиация тұлғааралық қарым-қатынастың (интеракцияның) бір түрі, сол сияқты ол бейинтерактивті де болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оның мақсаты ақпаратты коммуникатордан реципиентке беру (кері байланыссыз) болып табылады. Бұл терминнің мәнін ашу мақсатында әдебиеттерге шолу жасаған кезде медиация туралы айтылған шетелдік, отандық ғылыми еңбектерден алынған анықтамалар, пікірлер сұрыпталып, жүйелі түрде беріледі. Мақалада жинақтау, топтастыру, сұрыптау, талдау, салыстыру әдістері қолданылады.
Жоғарыда атап өткендей, бұл тақырып отандық лингвистика тұрғысынан әлі
зерттеу объектісі болмағандықтан, көбіне шетелдік ғалымдардың еңбектерінде
қарастырылған теориялық тұжырымдар мен практикалық түсіндірмелер негізге
алынады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




