«Абай жолы» роман-эпопеясындағы бейвербалды амалдардың тақырыптық топтары
Қаралымдар: 244 / PDF жүктеулері: 267
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-147-2-97-107Кілт сөздер:
бейвербалды амалдар, лексика-семантика, «Абай жолы», коммункация, көркем мәтін, паралингвистика.Аңдатпа
Қазақ тіл білімінде көркем шығарма тілін стилистикалық тұрғыдан қарастырумен бірге коммуникативтік, танымдық жағынан зерттеу ерекше орын алады. Осы тұрғыдан келгенде жазушы тілінің коммуникативтік табиғатын зерделеу тілдік қатынас мәселесімен тығыз байланысты. Шығарма мәтінінде авторлық нарративте белсенді қолданылатын, кейіпкер портретін тірілтіп,
коммуникативтік актіні оқырман үшін тартымды ететін тілдік тәсілдің бірі –
бейвербалды амалдар.
Мақалада «Абай жолы» роман-эпопеясындағы бейвербалды амалдардың
лексика-семантикалық классификациясы қарастырылды. Зерттеудің мақсаты
– көркем мәтін арқылы қазақ халқына тән тілдесімнің көмекші құралдарының
ұлттық ерекшелігін таныту, роман-эпопея тіліндегі қызметін анықтау.
Бейвербалды амалдарды роман-эпопеядан жинау барысында жүйелеу, сұрыптау
тәсілдері, сондай-ақ мағыналық топтарға жіктеуде типтеу, синтездеу тәсілдері
қолданылды. Бейвербалды компоненттердің мәнмәтіндегі қызметін анықтауда
мәнмәтіндік талдау, прагма-стилистикалық талдау әдістері де пайдаланылды.
Мақалада паралингвистика бағытындағы алдыңғы зерттеулерге шолу жасала
келе, көркем шығарма тіліндегі параэлементтерді қарастырудың артықшылығы түсіндірілді. Зерттеудің өзектілігі жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы»
романындағы бейвербалды компоненттерді алғаш рет зерттеу нысанына алып,
коммуникативтік актіде қарастыруынан көрінеді. Зерттеу нәтижесінде шығарманы
семантикалық тұрғыдан ұйымдастырып тұрған, қазақ қатысым мәдениетін
танытатын бейвербалды амалдардың алты түрлі лексика-семантикалық тобы
анықталды. Мақаланың зерттеу нәтижелері паралингвистика, коммуникативтік
лингвистика және лингвокогнитология бағытындағы ізденушілерге тың әрі
пайдалы ақпарат болмақ.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




