Парсы-түркі халықтары фольклорлық дәстүріндегі типологиялық ұқсастықтар
Қаралымдар: 226 / PDF жүктеулері: 221
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-149-4-175-183Кілт сөздер:
фольклор, назирашылдық, типология, жанр, ұқсастық, өзгешелік, ғашықтық жырлар, дәстүр.Аңдатпа
Мақалададәуірлер сабақтастығында болып жатқан рухани үйлесімділік сипатталады.Заманымыздың өзекті мәселесі – фольклордағы түркі дүниетанымы мен қазақ халқының ұстанымдарының орны мен бағасын анықтау.Түркі халықтарының мол байлығының жиынтығы саналатын қисса-дастандар, ғашықтық жырлар, батырлар жыры және т.б. әлемдік өркениетте де ерекше сипатқа ие.Олардың тарихи, құрылымдықтабиғатынзерттеубарысында ғалымдар фольклорлық дәстүрлердің сабақтастығына, типологиялық ұқсастығына назар аудара бастады.Мақалада Шығыс ғашықтық жырларының Алтын Орда-қыпшақ дәуірінде түркі әдебиетіне келу үдерісіндегі өзгеріс-ұқсастықтарының типологиялық сипаты егжей-тегжейлі қарастырылады.
Зерттеу мақаланың негізгі бөлімінде парсы-түркі халықтары фольклорлық дәстүріндегі ортақ діңгек анықталады. Фольклорлық дәстүр жеке өз алдына жанр болып, халықтың рухани байлығының бастауына айналғандығы айқындалады. Авторлардың көзқарасындағы дін мен мәдениеттің берілу формаларының қаншалық шеберлікке сүйенгендігі байқалады. Қос өркениетті қоғамның арасындағы «алтын көпір» бола білген шығармалардың адамзат өміріне әкелген жаңалықтары мен пайдасының ұшан-теңіздігі көрініс табады. Бірқатар зерттеушілердің пікірлері жинақталып, оған қосымша түсініктеме беріледі. Әлем деңгейіндегі ғылымның зерттеу нысанына айналған көркемдік шынайылық пен фольклорлық дәстүр арасындағы өзара байланыстың қаншалықты нығыз орныққанына қорытынды бөлім арқылы нақты тұжырымдама береді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




