Көркем әдебиеттегі сленг аударманың ерекшеліктері
Қаралымдар: 360 / PDF жүктеулері: 217
Кілт сөздер:
аударма, сленг, түрлендіру, нақтылау, жалпылау, түсіру тәсілдеріАңдатпа
Заманауи көркем әдебиет шығармаларының ағылшын тілінен орыс және қазақ тілдеріне көптеп аударылуына қарамастан, көркем әдебиетте сленг сөздерді аудару мәселесі аз зерттелген күйінде қалып отыр. Көркем шығарманы аудару кезінде, аудармашылар аударма тілінде баламаның болмауына байланысты сленгті аудару мәселесіне тап болады. Осы мақалада сленг бірліктерін орыс және қазақ тілдеріне аудару тәсілдерін қарастыру өзекті болып отыр. Жұмыста сленг сөздер аудармасының мысалдары қарастырылып, сленг лексикасын беру әдістері анықталды. Тәжірибелік бөлімде сөйлеу бейнесінің өзгеруіне әкелетін семантикалық өзгерістердің себептерін анықтау үшін түпнұсқа мен аударманың салыстырмалы талдауы қолданылды. Аудармашылардың негізінен лексикалық баламалы алмастыруларды, өтеу әдістерін және сипаттамалық аударманы қолдануы эксперименттік жұмыстың қорытындысы болып табылады. Бұл зерттеу сленг бірліктерін зерттеуге және оларды орыс және қазақ тілдеріне аудару тәсілдеріне үлес қосуға мүмкіндік береді. С.Кингтің "Жасыл Миля" романында қолданылатын сленг бірліктер және олардың орыс және қазақ тілдеріне аудармасы зерттеу нысаны болып табылады. Зерттеу нәтижелерін аударма тәжірибесінде қолдану мүмкіндігі жұмыстың тәжірибелік маңызы болып табылады.
Практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерін аударма тәжірибесінде қолдану мүмкіндігінде.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




