Стилистикадағы концептуалды интеграция принципі
Қаралымдар: 221 / PDF жүктеулері: 162
Кілт сөздер:
тұжырымдамалық кірігу, бастапқы менталды кеңістік, бленд, метафора, стилистикалық тәсілАңдатпа
Мақалада концептуалды интеграцияның бастапқы ережелері қарастырылады және концептуалды интеграция үдерісі, бастапқы кеңістіктер, жалпы кеңістіктер мен араластырулар айқындалады. Зерттеудің мақсаты – метафораларды және басқа да тілдік құбылыстарды жасау және қолдану барысында болатын когнитивтік процестер контексіндегі концептуалды интеграция теориясының негізгі ережелерін сипаттау. Жұмыстың өзектілігі көптеген тілдік бірліктердің, соның ішінде бірқатар стилистикалық құбылыстардың табиғатын түсіндіру үшін концептуалды интеграция теориясының ережелерін қолдану мүмкіндігі қарастырылуымен түсіндіріледі. Жұмыста концептуалдық интеграция механизміне негізделген бірқатар тілдік құбылыстарға талдау жасалады: принцип негізінде құрылған сөз тіркестері, кейбір грамматикалық құрылымдар, күрделі зат есімдер. Сонымен қатар, концептуалды интеграциялық принципке негізделген стильдік құбылыстар дәйектеледі, олардың қатарына окказионализм, метафора, антономазия және т.б. жатады. Жоғарыда аталған кейбір тілдік құбылыстарды талдау мысалында араластырудың қалыптасу механизмі көрсетілген. Концептуалды интеграция теориялары мен концептуалды метафора теориясының өзара ықпалы ережелерді, ұғымдарды салыстыру және тілдік бірліктерді талдау арқылы айқындалады. Мұндай талдау сенімді тұжырымдар мен қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Мақалада келтірілген мысалдар газет, журнал және көркем мәтіндерден алынған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




