Лингвомәдени білім мен деректерді лингвистикалық зерттеулер және филологтарды оқыту барысында қолдану
Қаралымдар: 321 / PDF жүктеулері: 439
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-147-2-263-272Кілт сөздер:
лингвомәдениеттану, лингвистикалық білім, лингвистикалық зерттеу, тіл мен мәдениет, тілді оқыту.Аңдатпа
Мақала лингвомәдени білім мен лингвомәдени деректерді
лингвистикалық зерттеулер жүргізу және болашақ филологтарды (лингвист-
педагогтер мен лингвист-зерттеушілерді) оқыту барысында ескерілетін маңызды
қағидаттар мен міндеттерді зерделеуге, лингвомәдениеттану ғылымының
маңызды категорияларын лингвомәдени білім ретінде қалыптастыру қажеттілігін
негізгі тұжырымдар ретінде ұсынуға арналады. Мақаланың тұжырымдары
қазіргі кәсіби білім беру және лингвистикалық білім беру салалары үшін
маңызды, себебі болашақ тілшілерді (педагогтер мен зерттеушілерді) танымдық-
аксиологиялық білім беру мазмұнында дайындауға бағдарлайды.
Мақаланың басты мақсаты – болашақ филологтарды (тілшілерді) педагогикалық
қызметке және лингвистикалық зерттеулерге кәсіби дайындау барысында
лингвомәдени білім мен лингвомәдени деректердің қолданылу қағидаттарын
және аксиологиялық мәнін ашып, лингвомәдениеттану ғылымының осы
бағыттағы категорияларын зерделеу. Ол үшін келесі зерттеу міндеттері
алға тартылды: «лингвомәдениеттану» ұғымын ғылыми тұрғыдан нақтылау;
лингвомәдениеттану ғылымының негізгі тұжырымдарын, қағидаттарын талдау,
сипаттау және бағалау; лингвомәдени білім мен лингвомәдени деректер
туралы тұжырым қалыптастыру; тіл мен мәдениет мәселесіне қатысты негізгі
категориялар мен бірліктерді топтастыру, типологиялық талдау жасау;
болашақ филологтарға (тілшілерге) кәсіби лингвистикалық білім беруде
басшылыққа алынатын педагогикалық және лингводидактикалық міндеттердің
байланысын айқындау; лингвомәдени білімнің құндылығы мен мәнін анықтау;
болашақ филологтарды оқыту үдерісінде қалыптастыруға қажет лингвомәдени
құзыреттіліктер мазмұнын сипаттау.
Зерттеу міндеттерін жүзеге асыру үшін келесі әдіс-тәсілдер қолданылды –
теориялық тұжырымдар қалыптастыру үшін шолу, сипаттау, талдау, сұрыптау,
жүйелеу, топтастыру, талқылау, болжау, салыстыру, дәйектеу сияқты жалпы
ғылыми әдістер кеңінен қолданылды. Лингвомәдени білім мен лингвомәдени
деректерді зерделеу үшін лингвистикалық зерттеу әдістері қолданылды, олар
– типологиялық әдіс, семантикалық әдіс, лингвокогнитологиялық талдау,
модельдеу.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




