Сыр сүлейлерінің (Тұрмағамбет, Жүсіп, Омар) мысал өлеңдеріндегі Шығыстық дәстүр
Қаралымдар: 341 / PDF жүктеулері: 436
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-145-4-121-131Кілт сөздер:
Сыр сүлейлері, шығыстық мотив, шығыстық дәстүр, рухани мұра, ұлттық құндылық, ғибраттық ойлар, нәзирагөйлік әдіс, шығыстық ықпал, мысал жанрыАңдатпа
Мақалада Сыр сүлейлері Тұрмағамбет Ізтілеуов, Шораяқтың Омары, Қаңлы Жүсіп Қадірбергенұлы т.б. мысалдарындағы Шығыстық дәстүр сөз болады. Сүлейлер мысалдарындағы Шығыстық дәстүрге талдама жасалды. Қазақ поэзиясы мен Шығыстық ұқсас сюжеттер, сарындық қайталаулар, сабақтастық айқындалады. Мысалдардың танымдық қызметі сараланады. Ойды айқындай түсетін шығыстық сюжетке құрылған мысалдар арқылы Сыр сүлейлері дүниетанымының даралығына дәйектемелер келтіріледі.
Сыр сүлейлері ұстаған Шығыстық дәстүрдің маңызы ашылады. Әдебиет зерттеуші ғалымдардың Сыр сүлейлері туралы пікірлерін салыстыра отырып, тың тұжырымдар айтылады. Тұрмағамбет, Жүсіп, Омар мысалдары назарға алынып, тәрбиелік мәніне баға беріледі. Осы үш шайырдың мысал өлеңдерінің шығармашылық ерекшелігі Сыр сүлейлері әдеби мұраларының өзіне тән сыр-сипатын аңғартады. Мақалада мысал өлеңдердегі шығыстық сипатты талдай отырып, Сыр сүлейлерінің шығармашылығы ұлт әдебиетінің құрамдас бөлігі екендігін айқындай түседі.
Қазақ ғылымындағы фундаментальды зерттеулерді негізге ала отырып, шығыстық мотивтерді кешенді түрде ашу көзделді. Әлемдік және ұлттық әдеби-мәдени байланыстар мен Шығыстық дәстүрдің маңызы айқындалады. Нәзирагөйлік дәстүріндегі ақындардың үлесі айқындалып, ақындық көркемдік ойлау жүйесі сараланды. Мысалдардағы Шығыстық үлгі мен ғибраттық ойлар танымдық тұрғыдан анықталды. Сыр сүлейлері мысалдарындағы Шығыстық дәстүрдің мағыналық ерекшелігі ашылып, ұлттық құндылық екені дәлелденеді
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




