Жазушы Кемел Тоқаевтың сөз қолданысы («Солдат соғысқа кетті» романы бойынша)
Қаралымдар: 234 / PDF жүктеулері: 308
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-147-2-55-67Кілт сөздер:
детектив жанры, тілдік-стильдік қолданыстар, синоним, антоним, теңеу, метафора, эпитет.Аңдатпа
Мақалада детектив жанрындағы көркем шығармалардың тілі,
стилистикасы зерттеледі. Зерттеу нысанына қазақ әдебиетінде осы жанрда алғаш
шығармалар жазған Кемел Тоқаевтың шығармашылығы, оның ішінде «Солдат
соғысқа кетті» романы алынады.
Жазушының шытырман хикаялы проза жанрында жазылған шығармалары
қазақ әдебиетінде үлкен орын алады.
Мақала мақсаты – қазақ детектив жанрындағы тілдік-стильдік ерекшеліктерді
анықтау. Осыған орай синонимдердің, антонимдердің, теңеулердің, метафоралар
мен эпитеттердің қолданысын талдау міндеттері қойылды.
Сонымен бірге «Солдат соғысқа кетті» романындағы антонимдердің,
синонимдердің түрлері, қолданысы, қызметі, эмоционалды-экспрессивті рөлі
талданады.
Теңеу, метафора, эпитет сияқты троптардың мәтіндегі қолданыстары сипатталып,
олардың көркемдік қызметі, жасалу тәсілдері айқындалады.
Тілдік айғақтар контекст құрамында беріліп, олардың мәні, мағынасы контекст
арқылы ашылып көрсетіледі.
Детективтік романдар мәтініндегі синонимдердің, антонимдердің, эпитеттердің
және метафоралардың шиеленіс атмосферасын құрудағы, сюжеттік дамудағы
және кейіпкерлерге мінездеме берудегі рөлін анықтау мақсатында талдау
жасалады. Зерттеу стилистикалық талдау әдістеріне негізделген және детектив
жанрына тән интрига мен жұмбақ әсерге жету үшін автор қолданатын
нақты тілдік әдістерге назар аударылады. Зерттеу нәтижелері детективтік
шығармалардың лингвистикалық сипатының ерекшеліктерін және олардың
оқырман қабылдауына әсерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




