Ноғай әдеби тілінің қалыптасуы
Қаралымдар: 176 / PDF жүктеулері: 87
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-122-1-88-94Кілт сөздер:
әдеби тіл, тарихи кезең, даму, ноғай тілі, түрік халықтары, ноғай тілінің фонетикалық және лексикалық ерекшіліктеріАңдатпа
Мақалада Ресей Федерациясында, ТМД-ының кейбір аймақтарында және шетелде мекендейтін байырғы түркі халықтарының бірі – ноғайлардың әдеби тілінің қалыптасып даму тарихы, тарихи
кезеңдердегі мәртебесі қарастырылады. Ресейдегі түркі халықтарының тілдеріне қолданылып отырған сая сат, қазіргі ноғай әдеби тілінің қолданылу ауқымы мен аясы, қоғамдық-әлеуметтік қызметі, дамуының негізі
талданады. Ноғай тілі әліпбиінің қалыптасуы, фонетикалық және лексикалық ерекшеліктері, зерттеушілері
жайлы айтылады. Ноғай тілінің қазақ және қарақалпақ тілдерімен туыстық тамырының тереңде екендігі, үш
халықтың әдебиетінің түп тамырларының да бір, ежелгі ақындардың да үш халыққа ортақ екендігі сөз етіледі.
Ноғай тілінің бүгінгі жағдайы, оқытылу деңгейі, қоғамдық-саяси өмірдегі мәртебесі және болашағы зерделенеді. Ноғай тілі ақпараттық кеңістіктен ығысып, тұрмыстық саладан да шеттетілуінің себептері аталады.
Ноғай тіліндегі ұлтаралық, кеңестік (орыс тілі арқылы енген), сондай-ақ орыс тілінен енген сөздер біршама. Бұл сөздер ноғай лексикасының барлық салаларында кездесетіндігімен ерекшеленеді. Орыс тілі арқылы
енген сөздердің жалпы үлесі араб-парсы тілдерінен енген сөздермен салыстырғанда, айтарлықтай жоғары.
Ауыл халқымен салыстырғанда, қала тұрғындары сөзінде олардың жиірек кездесетіндігі байқалады. Ақ ноғай
диалектісінде орыс тілінен енген сөздердің үлесі басым болса, ноғай диалектісі мен қараноғай диалектісінде
олардың мөлшері біршама төмен.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




