Ш. Айтматовтың шығармаларындағы фразеологизмдерді аударудың ерекшеліктері
Қаралымдар: 136 / PDF жүктеулері: 98
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-122-1-58-63Кілт сөздер:
фразеология, фразеологизмдер, Ш. Айтматов, аударма, аудару тәсілдеріАңдатпа
Фразеология – әрбір тілдің қазынасы, дәл осы фразеологизмдерде халық өз тарихының бейнесін, мәдениетінің және тұрмысының ерекшелігін табады. Фразеология – «аударылуы қиын» санатқа жатады және аударма үшін біршама қиындықтар тұғызады. Аударма
ғылымында фразеологиялық бірліктерді аудару мәселесінің айрықша маңызы бар. Аударма теориясында фразеологизмдерді аударудың екі әдісі ерекшеленеді: фразеологиялық (эквивалент,
ұқсас) және фразеологиялық емес (көшірмесіз жасау, сипаттамалық аударма, автономды аударма және аралас аударма). Біздің жұмыс тек Қырғыз Республикасының ғана емес, сонымен бірге
Қазақстан Республикасының аса көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовтың екі атақты шығармаларына: «Плаха» және «И дольше века длиться день» сүйене отырып, автордың мәтіндеріндегі басты ерекшеліктерін және сипаттамаларын белгілейді. Наташа Уорд және Джон Френч аудармашылардың ресми аударған кітаптарынан алынған фразеологизмдердің аудару тәсілдерінің
талдауы жүргізілген. Талдауда білікті аудармашылар жасаған аудармалардағы жиі қолданылатын
әдістер көрсетілген және оның нәтижелер диаграмма түрінде ұсынылды
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




