Модальдік мәннің болымсыздық санаттағы көрінісі
Қаралымдар: 214 / PDF жүктеулері: 213
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-139-2-42-48Кілт сөздер:
модальділік санаты, мәтін, болымсыздық санаты, семантикалық ұйысым.Аңдатпа
Төл грамматикамызда бүгінге дейін субъективтік модальділік категориясының тілдік белгілерін дербес сөйлемдер құрылымы деңгейінде талдау басым. Бірақ бұл жағдайда модальділіктің ауқымды әрі күрделі құрылымдық ерекшелігін, кейбір грамматикалық амалдардың мәнмәтін, мәтінаралық байланыстан жүйеленетін көп функциялы қызметін саралауда, бір жақты пікірлер қалыптасатыны анық. Субъективтік модальділік категориясының ішкі мәндерінің жасалуын жеке авторлар шығармаcы негізінде талдау әлі де өзекті. Себебі әр автордың өзіндік жазу машығынан аталған заңдылықтың күрделі әрі ауқымды құрылымын түсінуге негіз болатын өзекті теориялық тұжырымдарға қол жеткізе аламыз. Осындай алғышарттарды негізге ала отырып жазылған аталған ғылыми мақалада Абай поэзиясындағы болымсыздық категориясының тәсілдері арқылы модальділік мәндердің қалыптасуы алғаш рет ғылыми дәйектеуге негіз болды. Нәтижесінде әдеби тіліміздің негізін қалаушы, поэзия жанрын құрылымы жағынан да, көркемдік сипаты жағынан да жаңа арнаға шығарған Абай өлеңдеріндегі субъективтік көзқарасты даралайтын грамматикалық амалдар жүйесінің өзіндік ерекшелігі жан жақты талданды. Нақты лингвистикалық мәліметтерге сүйене отырып, ақынның шығармаларында болымсыздық категориясының тәсілдерін белсенді қолдану арқылы құптау, құптамау, наразылық, өкіну сияқты модальды реңктерді анықтауға негіз болатындығы айқындалды. Ақынның стилистикалық түрлендіруіне сәйкес аталған амалдардың бірде қайталана, кейде қарама-қарсы мәнде, енді бірде синонимдік қатарларымен үстемелене қолданылып, модальді мәндерді айқындаудағы белсенділігі сипатталды. Ғылыми мақаладағы тұжырымдар мен ой қорытулар субъективтік модальділік санатының теориялық белгілерін дамытуға, кейбір заңдылықтардың ішкі байланысы мен шекарасын ажыратуға, модальділік санатының грамматикалық жүйесін жан-жақты зерделеуге ықпал ететіні дәлелденді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




