Социолингвистикалық қарым-қатынастағы магиялық дискурс
Қаралымдар: 253 / PDF жүктеулері: 397
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-139-2-31-41Кілт сөздер:
магия, просодика, әлеуметтік лингвистика, дискурс, қарым-қатынас, жұмсақ күшАңдатпа
Мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі жазбаша, ауызша магиялық мәтіндер материалы негізінде алынған социолингвистикалық қарым-қатынастағы магиялық дискурстың ұқсастығы мен ерекшелігі қарастырылады. Магиялық дискурс негізінде халықтың мифологиясы мен наным-сенімі, ұлттық құндылығы мен мәдениеті зерттелді. Дайындалған мәтін мен айтылған дыбыстық мәтіннің ерекше көрінбейтін, сезілмейтін жұмсақ немесе тіпті сиқырлы күшке ие екеніндігі аталмыш дискурс арқылы байқалады, ол сонымен бірге өз сөйлеушісі немесе авторы туралы алғашқы әсерін қалыптастырады. Аталған сиқырлы күшті сөйлеуші қосымша құралдар арқылы жүзеге асырады: әр тілдің ұқсас және өзіндік сиқырлы атрибуттары айқындалады, сонымен қатар дауыс модификациясы (мәселен, интонация, тоналды акцент, тон қозғалысы), паралингвистикалық дене қимылдары. Екі мәдениетте сөйлеушінің негізгі міндеті немесе ниеті - өзінің тыңдаушысын білдіртпей өзіне бағындыру. Осы ретте, аталғандай қазақ тілі мен ағылшын тілінің магиялық дискурсы әртүрлі әмбебап және ерекше құралдарды қолданады. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі магиялық дискурсқа бір уақытта вербалды және бейвербалды құралдарды қолдану тән, әсіресе бақсылар өз тыңдаушысына ерекше терең әсер ету үшін жоғарғы тон, ым-ишара, қарқынды дене қимылдарын қолданады. Ағылшын мәдениетінде қолданылатын атрибуттарды анықтау барысында зерттеу материалының дереккөздері ретінде жұлдыз жорамал, көріпкелдің жорамал мәтіндері қарастырылды. Танымал кинофильмдегі қазақ, ағылшын магиялық дискурсындағы сөйлеушін просодикалық компоненттерінің ұтымды қолданысы зерттелді. Жазбаша мәтінде қазақ тіліндегі сөйлеуші лексикалық элементтерді қолдану арқылы назарын өзіне аударғысы келгендігі талданған, ал ағылшын тіліндегі дискурста сөйлеуші басыңқы тон мәтін жанрына байланысты көтеріңкі тонмен өз тыңдаушысына әсер етуге тырысқандығы анықталған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




