Ономастикалық ішкорпусты жасау және әлемдік тәжірибе*
Қаралымдар: 333 / PDF жүктеулері: 318
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-139-2-8-19Кілт сөздер:
Корпустық лингвистика, корпустық ономастика, ономастикалық ішкорпус, топонимдер, qazcorpus.kzАңдатпа
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ұлттық корпустың дербес бір бөлігі саналатын ономастикалық ішкорпусты топонимика саласы бойынша құрастырып жатыр. Мақалада ономастикалық ішкорпусты құрастырудың бағыты, ұстанымдары талқыланады. Сол арқылы ономастикалық ішкорпусты құрастырудың негізгі критерийлері айқындалады. Қазақ тілінің Ұлттық корпусы мен әлемдегі ірі-ірі корпустардың тәжірибесі, ерекшеліктері сипатталады. Жұмыстың басты мақсаты ономастикалық белгіленімдердің түрлерін айқындауға қатысты. Ағылшын, орыс тілінің корпустарындағы топонимдердің белгіленімі, лингвистикалық және экстралингвистикалық ақпараттың берілу тәсілі, ономастикалық терминдердің кездесу жиілігі анықталады. Осы талдау нәтижесінде топонимдік белгіленімдер әзірлеуге қатысты салыстырулар жасалып, ұсыныстар айтылады. Шетелдік корпустар тәжірибесінен байқағанымыздай, неғұрлым ішкорпустар көп болса, соғұрлым ұлттық корпус кемелдене түседі. Ономастикалық ішкорпустың пайда болуы ономаст ғалымдардың зерттеулеріне көптеген жаңа мүмкіндіктер алып келеді. Өйткені корпустан жер-су аттары кездесетін мәтіндерді жылдам табуға мүмкіндік туады. Бұл тек іздеу жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, ономастика саласындағы кешенді зерттеулерге де өз септігін тигізеді. Сонымен қатар, ішкорпустың көмегімен ономастикалық сөздіктердің жаңартылған нұсқасын басып шығару ісі де жылдам іске асырылатын болады. Ономастикалық ішкорпус географиялық атауларды тек бекіту және стандарттау тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге топонимдерді жүйелеу тұрғысынан, оларды сақтау және ғылыми зерттеу мақсатында осы ұлттық қорға қол жеткізу және танымдық қызығушылықты қанағаттандыру тұрғысынан да сөзсіз қажет. Мақаладағы ғылыми-теориялық ұсыныстар ономастикалық ішкорпустың белгіленімдерін жетілдіруге ықпал етеді, сондай-ақ, лингвистикалық зерттеулерді жүргізудегі ономастикалық ішкорпустың рөлін айқындайды. Топонимдер қорымен басталған ономастикалық ішкорпустың ауқымы басқа да оним түрлерімен кеңейе түседі деп күтіледі.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




