Ұлы Дала көне есептері және оның Бөлтірік шешен шығармашылығындағы көрінісі
Қаралымдар: 175 / PDF жүктеулері: 93
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-123-2-64-70Кілт сөздер:
Ұлы Дала есебі, қисын есептері, логикалық мән, Бөлтірік шешен, фольклорАңдатпа
Мақалада Ұлы Дала есептерінің шешендік өнерде, оның ішінде Бөлтірік шешен шығармашылығында алатын орны зерттеледі. Ел ауызында Бөлтірік шешен атымен байланысты Ұлы Даланың бірнеше көне есептері қарастырылады да, көне заманның өзінде-ақ қазақ халқының таным
көкжиегі кең, өрісі биік болғаны көрсетіледі.
Бөлтіріктің ақындығы, батырлығы, шешендігі жөнінде, есеп өнеріне жақындығы жөніндегі
мәліметтер ғылымда әлі зерттеле қойған жоқ. Бөлтірік шешен өзінің дәстүрлік тәжірибесінде қисын
есепті жиі пайдаланған. Бұл есеп өзінің логикалық ауқымдығы және тереңдігімен ерекшеленеді.
Сол себепті осы есеп ел аузында Бөлтірік шешен атымен сақталып қалса керек-ті. Оның логикалық
есептерінің алатын орны ерекше.
Ұлы Дала халқы осындай қисыны келіскен есептерді жадында күні бүгінге дейін анық та,
айқын қалпында сақтаған. Оның себебі, шешен есебінің мәні жоғары, мағынасы терең әрі жүйелі
ойға негізделгендігі болса керек. Сонымен бірге есептің шешуі де көңілге қонымды, дәлелді
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




