Абай шығармаларындағы «жүрек» сөзінің мағыналық ерекшеліктері
Қаралымдар: 309 / PDF жүктеулері: 296
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-144-3-111-119Кілт сөздер:
Абай Құнанбайұлы, жүрек, мағына, септік жалғауы, адам, лексикалық мағына, поэтикалық мағынаАңдатпа
Мақалада Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы «жүрек» сөзінің өзге сөздермен тіркеске түскендегі мағыналық ерекшеліктері қарастырылады. Бұл мақалада «жүрек» сөзіне қатысты жүз шақты тіркес жеті топқа топтастырылып талданды. Сөз тіркестері «жүрек» сөзінің жеті септіктің бірінде тұрып өзге сөздермен тіркескенде беретін мағынасы анықталды. «Жүрек» сөзінің өзге сөздермен тіркеске түскендегі поэтикалық мағынасын қарастырылды. «Жүрек» сөзіне қатысты поэтикалық құрылымдардың тезаурусы бойынша қазақ тілінің жеті септік жалғауы бойынша топтастырылып, сол арқылы «жүрек» сөзінің поэтикалық ерекшеліктері мен семантикалық мәні анықталды. Яғни «жүрек» сөзінің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасы арқылы оның тіркескен сөздерін анықтап барып, жалпы «жүрек» сөзіне қатысты бейнелі тіркестер анықталды. Абай шығармаларындағы «жүрек» сөзі қай септікте тұрса да, адамның өзін, адамның ниетін, сезімін, көңіл-күйін және мінезін білдіреді. Абай шығармаларындағы «жүрек» сөзі қолданысының басты ерекшелігі – адамның «жүрек» арқылы өзінің өмірін, мінез-құлығын реттей алатындығы. Не нәрсені де жүрекпен қалап істесе, өзінің жүрегіне жай ғана қарамай, жүрегінің түбіне терең бойлап қараса, өз ойын, өз сөзін, өз мінезін, өз тағдырын, өз өмірін дұрыс жолға бағыттай алатындығы көрсетілді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




