«Қазақ» газетіндегі жарнама мәтіндерінің құрылымы
Қаралымдар: 365 / PDF жүктеулері: 368
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-144-3-89-99Кілт сөздер:
газет тілі, жарнама мәтіні, жарнама тарихы, алаштану, жарнама түрлеріАңдатпа
Мақаланың негізгі мақсаты – Алаш зиялылары ұйымдастырып, 1913-1918 жылдар аралығында шығарып тұрған алғашқы ұлттық баспасөз – «Қазақ» газетіндегі жарнама мәтіндерін тақырыптық топтарға жіктей отырып, тілдік ерекшелігіне талдау жасау болды. Ол үшін алдымен аталған газеттің 1913 жылғы 7-40 сандарындағы жарнама мәтіндері төте жазудан, транскрипцияланып, графикалық проекциясы жасалды. Графикалық проекция дегеніміз – қандай да бір жазу жүйесімен берілген мәтінді көшірілетін тілдің жазу дәстүрі мен нормаларына, әріптер мен дыбыс мазмұнына, сонымен бірге түпнұсқа жазуындағы имплицитті түрде берілетін элементтерге байланбай, басқа әліпбимен механикалық түрде таңбалау [1, 7 б.] болып табылады. Мақалада қазақ жарнамасының тарихына да шолу жүргізілді. Қазақ тіліндегі тарихи жарнама мәтіндерінің сөйлем құрылысы, сөз тіркестіру амалы, сөзсаптамы талдауға алынды. «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 7-40 сандарында жарияланған тарихи қазақ жарнама мәтіндері негізінде ХХ ғасырдың басындағы жарнама түрлері анықталды. Жарнамалар тілінде кездесетін араб, парсы сөздері мен терминдердің мағынасы ашылып, тілдік қолданысы талданды. Мақалада «Қазақ» газетінде сауда және әлеуметтік жарнамалар жиі жарияланғаны анықталып, ХХ ғасырдың басындағы жарнаманы безендіру технологиясының ерекшеліктері жан-жақты баяндалды. Мақала қазақ тіліндегі жарнамалардың қалыптасу тарихына арналады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




