Поэзия морфологиясы (Абай өлеңдері мысалында)
Қаралымдар: 330 / PDF жүктеулері: 289
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-144-3-188-202Кілт сөздер:
поэзия, морфология, формализм, структурализм, таңба, актант, циклдануАңдатпа
Мақалада поэзия мәтінін морфологиялық аспектіде талдау Абай өлеңдері мысалында жүзеге асырылады.
Структурализмнің семиотикалық тәсілі таңбаның көркем мәтін құрылымындағы қызметін танытуды мұрат тұтса, көркемдік-эстетикалық міндет арқалаған таңба өз бойына символикалық, детальдық, бейнелеушілік сипатты жинақтайды. Бұл сипаттар бір тұтастыққа айналған мәтіннің бөлшектері ретінде түрлі бағыттағы зерттеулерге нысан болады. Семиотикалық талдау мәтіндегі таңбалық және одан туындайтын бейнелілік құрылымды нысанға алады. Зерттеудің бұл бағытында морфологиялық тәсілдің тиімділігі басым. Әдебиетке қатысты «морфология» терминін қолдану жаңалық емес, нақтырақ айтқанда, әлем әдебиеттануы үшін бұл қолданыстағы ұғым. ХХ ғасырдың басында фольклортану мен әдебиеттануда ғылыми қолданысқа енген бұл ұғым көркем туындының күллі бөлшектерін даралай және жинақтай қарастыруымен тың тұжырымдарға қол жеткізді. Жалпы структурализмнің бастау көзінің бірі орыс формализмі болса, екіншісі пропптық морфология екені белгілі. Сондықтан әдеби морфологияны басшылыққа алғанда құрылымдық талдаудың іргетасын қалап берген формализмнің де тарихи ролін ескермей кетуге болмайды. Әдеби морфологияның талдау ұстанымдары арқылы мәтін құрылымының бөлшегі мен тұтастығын қарастыру – бұл мақаланың негізгі мақсаты. Осы мақсатқа жету үшін Абай өлеңдерін бөлшектей талдауда актанттық, бейнелілік құрылым анықталады. Сол бөлшектік құрылымдағы логикалық байланыс пен ұқсастықтар арқылы тұтастану заңдылығы көрсетіліп, цикл өлеңдер туралы ой тұжырымдалады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




