Ағылшынның қаржы және экономикалық метафораларын аударудағы лингвомәдениеттанудың қырлары
Қаралымдар: 197 / PDF жүктеулері: 82
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-124-3-157-168Кілт сөздер:
қаржылық-экономикалық дискурс, іскери дискурс, метатіл, ексикалық қабаттар, когнитивтік сипат, аударма тәсілдері, жүйелі сипат, айналық шағылуАңдатпа
Аталмыш мақалада қаржылық-экономикалық дискурстың метатіліне қатысты
мәселелер, әсіресе қаржылық және экономикалық терминологияның бір бөлігін құрайтын қонцептуалды метафора туралы мәселе қозғалады. Мақалада метафоралар ағылшын тілді қоғамдастықтар
өкілдерінің тілдік, мәдениеттік және логикалық ойлау ерекшіліктерін ескеру арқылы қарастырылады. Сонымен қатар, күрделі экономикалық ұғымдарды танып түсінуде метафоралардың атқаратын
рөліне көп мән беріледі. Концептуалды метафоралардың аталмыш дискурста атқаратын қызметін
практика жүзінде көрсету мақсатында метафораға әртүрлі мәдени-тарихи, әлеуметтік-мәдени,
тілдік-мәдени, сонымен қатар, когнитивтік тұрғыдан жан-жақты талдау жүргізіледі. Мақалада
ағылшын тілді қаржылық-экономикалық метафораларды орыс тілді аудиторияға жеткізудің тиімді
аударма тәсілдері ұсынылады. Экономика тілінде кездесетін метафораға жасалған бұл талдау мақсатты аудиторияның ой өрісін тілдік және когнитивтік тұрғыдан елеулі түрде кеңейтуге мүмкіндік
береді
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




