Тарихи түбірлердің сөзжасамдық қабілеті
Қаралымдар: 231 / PDF жүктеулері: 139
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-126-1-135-141Кілт сөздер:
түбір сөз, cөзжасам, сөзжасамдық қабілет, тарихи түбір, түбірлес сөздерАңдатпа
Сөзжасам тілдің сөздік қорын толықтырудың бір тәсілі, оның тарихы сонау көне
замандардан басталады. Жаңа ұғым-түсініктер мен заттардың пайда болуы жаңа атауларға деген
сұранысты тудырады. Осыған байланысты тілдегі дыбыстық тұлғаларға тың мағыналар жүктеледі.
Осы заңдылықтардың сырларына бойлай отырып, мақалада көне түркі тіліндегі бір түбірден тарайтын туынды сөздердің даму тарихын зерделеуге назар аударылады. Қазіргі кезде бір түбірден
тарайтын көптеген сөздер мағыналық жағынан дамуы барысында бір-бірінен тым алшақтап кеткен.
Оларды өзара салыстыру бойынша ортақ тегін анықтау қиын, тек туыстас тілдердегі дыбыстық
нұсқалары мен мағыналық сәйкестіктерін негізге алу арқылы ғана дұрыс ғылыми болжамдар жасауға болады. Мақалада бірнеше сөз түбірлерінің этимологиясы ашылып және онымен түбірлес
көптеген сөздердің туыстығына ғылыми болжамдар жасалады
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




