Халел Ғаббасов: өмір мен өріс мектептері
Қаралымдар: 205 / PDF жүктеулері: 98
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-126-1-94-103Кілт сөздер:
Алаш, Алаш автономиясы, «Сарыарқа» газеті, редактор, мемлекет қайраткері, әулетАңдатпа
Мақалада Алашорда үкіметі төрағасы Әлихан Бөкейханның орынбасары болған
көрнекті мемлекет қайраткері, «Сарыарқа» газетінің редакторы, В.Ломоносов атындағы Мәскеу
мемлекеттік университетінің физика-математика мамандығын алтын медальмен бітірген тұңғыш
қазақ Халел Ғаббасұлы және Ғаббасовтар әулеті туралы деректер ұсынылған.
Халел Ғаббасұлы 1928 жылдың 10 қарашасында Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма
(ОГПУ) тергеушілеріне берген мәліметтері бойынша 1888 жылы Семей уезінің Шаған болысында
дүниеге келген.
Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қарақол ауылында Алаш қайраткері Халел Ғаббасұлының немере інісі Берікбол Әділхасенұлы Баязитов тұрады. Берікбол Әділхасенұлының әкесі Әділхасен Баязитұлы - Халел Ғаббасұлымен бір атадан тарайтын немере ағайыны.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




