З. Ахметов зерттеуіндегі Абайдың шығармашылық мұрасы
Қаралымдар: 190 / PDF жүктеулері: 111
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-126-1-54-60Кілт сөздер:
Текстология, Абайтану, канондық мәтін, тарихнама, фольклор, әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдеби байланыстарАңдатпа
З. Ахметовтің Абай мұрасы мен шығармашылығына арналған зерттеулері – ұлттық әдебиеттанудағы теңдесі жоқ іргелі ғылыми еңбектер. Ғалым – Абайтану саласына М.Әуезовтен кейін елеулі еңбек сіңірген. «Лермонтов және Абай» деген тақырыпта кандидаттық диссертация
қорғап шыққанда ғалым небәрі жиырма үш жаста екен. Аса ірі қоғам қайраткері, биік парасат иесі
З. Ахметовтің жұлдызды ғұмыр жолы осылай басталып, туған елінің рухани гүлденуіне, ұлттық
мәдениет пен әдебиеттің дамуына бар күшін жұмсады.
Ғалым А. Егеубаев З. Ахметовтің Абайтану саласындағы ғылыми ізденістерін 4 арнаға
бөліп қарастырады. Ең алдымен, Абайдың орыс әдебиеті классиктерінен аудармалары, сонымен
бірге Абайдың аудармашылық мектебінің өзіндік ерекшеліктері, қазақ өлеңін осы бағытта байытып
дамытуы жөніндегі зерттеулер. Екіншісі, әрине, Абайдың ақындық әлемі. Үшіншісі, Абай шығармаларының текстологиясы. Төртіншіден, Абай сыншыларының сындарына көзқарасы.
Абай шығармаларын текстологиялық тұрғыдан қарастыру – үлкен батылдықты қажет еткен
көкейтесті мәселелердің бірі болды. З.Ахметов Абайдың «Толық шығармалар жинағының» әр жылдардағы төрт басылымның (1954, 1957, 1970, 1995) дайындап, құрастырушылардың және түсінік
авторларының бірі ретінде қатысты. 1954, 1957 жылғы жинақтарды шығару үстінде ұлы зерттеуші
М.Әуезовпен әріптес ретінде қызмет атқарды. Сонымен қатар, академик ғалым Абай шығармаларының өзге тілде жарық көрген басылымдарының да алғысөзін жазып, әрі құрастырушысы да болды. Санамалап айтсақ, 1970 жылғы белорус, армян, молдаван тіліндегі жинақтарды текстологиялық
тұрғыдан сұрыптап құрастырушы болды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




