Қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері мен түрлері
Қаралымдар: 203 / PDF жүктеулері: 106
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-127-2-172-184Кілт сөздер:
синтаксис, сөз тіркестерінің жасалу жолдары, синтетикалық және аналитикалық тәсілдер, сөздердің орын тәртібі, интонация, сөз тіркестерін топтастыру, бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі, тілдік ерекшелікАңдатпа
Қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркесі синтаксисінің қалыптасу кезеңі елуінші жылдардан басталады. Қазақ тілінің сөз тіркесінің жеке категория болып қалыптасуы М.Балақаевтің есімімен тікелей байланысты. Ал қытай тілінің сөз тіркесі Ма Жянжоңның 马氏文通
(Mashiwentong, 1898 ж.) деген еңбегінен бастап, қытай тілі жөнінде жазылған еңбектерде айтыла
бастады. Қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркестерін жан-жақты зерттеуге баса мән беріліп отырғанымен, кейбір мәселелер әлі де шешімін таппаған деп айтуға болады. Сондықтан сөз тіркесі
– жан-жақты зерттеуді күтіп отырған күрделі де көкейтесті мәселелердің бірі. Қазақ (әсіресе, қытайдағы қазақ тілі) және қытай тіл білімінде толық шешімін таба қоймаған даулы мәселелер көп,
атап айтқанда: сөз тіркесінің анықтамасы; негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесі еркін сөз тіркесінің
қатарына жата ма? салаласа байланысқан тіркестер еркін сөз тіркесінің қатарында қарала ма? предикативті тіркес (тізбек) сөз тіркесі деп таныла ма? сөз тіркесінің күрделі сөз және сөйлемнен айырмашылығы; сөз тіркесі сөйлемде немесе сөйлемнен тыс қолданыла ма? сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, т.б. Мақалада қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркесінің байланысу
тәсілдері мен сөз тіркесін топтастыру принциптерінің салғастырмалы сипаттамасы жасалып, қытай
және қазақ тілдеріндегі сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері мен жасалу жолдары және құрылымдық түрлерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары сөз болады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




