Мағжан Жұмабаев поэзиясының типологиялық өрiсi
Қаралымдар: 266 / PDF жүктеулері: 111
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-127-2-98-106Кілт сөздер:
поэзия, типология, қазақ әдебиетi, сентиментализм, символизм, романтизмАңдатпа
Бұл мақалада қазақ халқының ұлы ақыны – Мағжан Жұмабаев шығармашылығының өмiрiмен байланыс көрiнiстерi, орыс әдебиетiнiң көрнектi өкiлдерiмен ұқсас тұстары және
iзденiс бағыттарының арналары анықталып, көрсетiлген. Сыршыл ақыннын iзденiске толы ғұмырындағы қиыншылықтар, жақын адамдарымен толыққанды дұрыс қарым-қатынастың орнамауы,
мiнездiлiгi мен шығыс әлемiне ғашық болуы ақын шығармашылығының шындалып, шығармаларындағы әр кезеңдегi көрiнiстердiң байқалуы жайында сөз болмақ. Тiршiлiктегi түрлi өзгерiстер
мен құбылыстарды жүрек көзiмен жан-жақты не жалпылама қабылдай отырып, сезiм көзiмен бағалауға бейiм жаратылған Мағжан ақынның болмысы элегиялық сарынға да бой ұруы туралы баян
етiледi. Мағжан ақынның лирикасының қазақ әдебиетi шынынан ғана емес, әлем әдебиетi биiгiне көтеретiн тек өзiне ғана сай әрi бай шығармашылығының жан-жақты зерделеу нәтижелерiнiң
қысқаша шоғыры.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




