«Мифологем» терминінің этимологиялық сипаты
Қаралымдар: 238 / PDF жүктеулері: 135
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-128-3-44-50Кілт сөздер:
миф, мифология, мифологем, мифема, мифтік сюжетАңдатпа
Адамзаттың қалыптасып даму сатысында оның мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салтдәстүрін, ұлттық ерекшеліктерін зерттеу қазіргі таңда маңыздылыққа ие. Адамның қоршаған ортаны
түсінуде ой-санасының жетілуі қоғамдық мәдени өмірінде әлеуметтік мәнге ие болды. Кез-келген
этностың мәдениеті миф арқылы танылады. Миф арқылы халықтың рухы, оның болмысы, табиғаты мен өмірі көрінеді. Мақалада швейцарлық танымал философ әрі психолог К.Г. Юнг есімімен
байланысты маңызды ұғым - «мифологем» терминінің этимологиялық мағынасы қарастырылды.
Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдамасы бойынша зерттеуші-ғалымдардың терминге байланысты ой-пікірлері мен терминологиялық сөздіктердегі анықтамалары назарға алынды.
Кез-келген этникалық топтың ұлттық жадында сақталған, әрбір ұлттың мәдениетінде көрініс табатын «мифологема» термині сипатталды. Терминнің мағынасын ашуда «архетип-мифоним-мифологем-мифема» ұғымдарының байланысы айқындалды. Жұмысты талдау барысында терминге
берілген анықтамалар жүйеленді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




