Жамбылдың айтыс өнері: синкреттілік пен шеберлік
Қаралымдар: 246 / PDF жүктеулері: 118
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-128-3-23-29Кілт сөздер:
айтыс, айтыскер ақын, жыршы-жырау, жыршылық дәстүр, импровизацияАңдатпа
Мақалада кеңестік дәуірде «Ғасыр ақыны» атанған Жамбыл Жабаевтың ақындық
қырлары мен поэтикалық қуаты талданады. Жамбыл ақынның мұрасы қазақ әдебиеттану, фольклортану зерттеулерінде кеңестік дәуір әдебиеті кезеңінің құрамында қарастырылып келді. Расында, 1934-45 жылдар арасында кеңестік идеология үшін өте маңызды қызмет атқарды.
Ғасырлар бойы қалыптасу, даму жолдарынан өтіп келе жатқан қазақ халқы 90-жылдардың
басынан бері өз тарихына жаңаша көзқарастармен қарай бастады. Бұл – әлемдік өркениеттің қауымдастыққа өз тұлғасымен толық танылуға ұмтылған ұлттық жаңғыру, жаңару жолы.
Халық тарихының көп ғасырлық жолындағы сөз өнерінің көрнекті тұлғаларына да бүгінгі
уақыт талаптарына орай жаңаша көзқарастармен қайтадан лайықты бағасын беру – бүгінгі кезеңнің
өзекті мәселелерінің бірі. Қазақ әдебиетінің тарихында ақындық өнерімен елеулі мұра қалдырған
Жамбыл Жабаев шығармашылығын, ақындық ортасын қайтадан қарастырылуы табиғи заңдылығы
екендігі даусыз ақиқат
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




