Лингвофилософиялық дәстүр сабақтастығы: әл-Фарабиден В. фон Гумбольдке дейін
Қаралымдар: 280 / PDF жүктеулері: 88
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-129-4-159-166Кілт сөздер:
ортағасырлық араб-мұсылман ғылымы, тілдің философиялық мәселелері, тілдік көзқарастар, логика, тілдің пайда болуы, ойлауАңдатпа
«Тіл философиясы» және «тілдің логистикалық теориясы» тіл білімінде
XIX- XX ғасырларда пайда болды және дамыды. Бұл бағыттардың басында әйгілі И.Хердер, А.Шлегель, В.Гумбольдт, А.Шлейхер, Г.Стинталь, А.А. Потебня, В.Вундт, А. Уайтхед,
Б.Расселл, Р.Карнап, Л.Виттгенштейн сияқты еуропалық және ресейлік ғалымдар болған.
Аталмыш мәселелер пәнаралық сипатқа ие болды және ғылымның әртүрлі салаларының
өкілдері, ең алдымен лингвистер мен философтар тарапынан зерттелген. Алайда тілдің
пайда болуы, оның функциялары, логика мен грамматика, тіл мен ойлаудың байланысы туралы мұндай көріністерді біз ежелгі және ортағасырлық авторлардың еңбектерінде кездестіреміз. Осыған байланысты араб-мұсылман ғылымының жетістіктерін атап айтқанда Әбу
Насра әл-Фарабидің еңбектері ерекше назар аударуға лайық. Мақаланың мақсаты – ғалым ның тілдің философиялық мәселелеріне қатысты жеке көзқарастарын көрсету, сонымен
қатар олардың эволюциясын кейінгі ұрпақтың ғылыми өкілдерінің идеялары мысалында
зерттеу. Жүмыста талдау, синтез, салыстыру, жіктеу, дедукция және аналогия сияқты ғылыми зерттеу әдістері қолданылды. Зерттеудің негізгі нәтижелері әл-Фарабидің X ғ. айтқан
ойлары әлі де өз өзектілігін жоғалтқан жоқ деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл
прогрессивті идеялар келесі ғасырларда терең жалғасын тапты
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




