Н. Гогольдің «Ескілікті помещиктер» повесіндегі Данте архетипі және апостасиясы
Қаралымдар: 243 / PDF жүктеулері: 112
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-129-4-8-15Кілт сөздер:
Гоголь, «Ескілікті помещиктер», Данте архетипі, «жер бетіндегі жұмақ топосы», апостасия, оқиғаның екі жақтылығы, тәмсілАңдатпа
Мақала Н. Гогольдің «Ескілікті помещиктер» повесіндегі Данте архетипі аспектісіндегі апостасияны зерттеуге арналған. Зерттеу Данте архетипінің кекесінді (ирониялық) және
байыпты дискурстары, «жер бетіндегі жұмақ топосы» дүниетанымдық негіздері бағыттарының аясында жүзеге асырылды. Зерттеудің идеологиялық, стилистикалық және фонологиялық деңгейлері
апостасияның негізгі құрылымдық деңгейлерін анықтауға және сипаттауға мүмкіндік береді.
«Жер бетіндегі жұмақ топосы» дүниетанымдық негізі ретінде православиелік-аксиологиялық мотивтерге, ирониялық – тағам/асқа қатысты шоқындыру рәсімдерінің травестирінде маңызды дискурстың бағытын көрсетеді.
Оқиғаның екі жақтылығын: фабула деңгейінде - «жер бетіндегі жұмақ», сюжеттік рәсімделу деңгейінде - құдайдан безіну құбылыстарын талдау бұл тәмсілдің стилистикалық белгілері
мен идиллия трансформациясы шарттарын көрсетеді. «Құмарлық» пен «әдеттер» сияқты бағалау
категориялары тәмсілдің аллегориялық астарын көрсетеді. Филемон мен Бавкиданың оқиғасына ишаралардың сипаттамасы, тозақ пен күнәдан арылу орны көріністері, өзіне-өзі қол жұмсаған
адамның және кәрі-құртаңдардың жалған мұрагерлерінің хикаялары, түстің мифологиялық астары бей-оқиғаның белгілерін айқындауға мүмкіндік береді. Тәмсілдің дидактизмі автордың баяндау
мәтініне сырттан араласуынан көрінеді. Бей-оқиғалардың семиотикасы мәтіннің фонологиялық
құрылымы, яғни - дыбыстық символизм тұрғысынан да талданады. Данте архетипімен байланыс
оның кекесінді (ирониялық) парафразын толықтыратын сәуегейлік жанрында көрініс тапқан. Апостасияны типтендіру «ескілікті помещиктер» Ресейінің күйреуі ретінде дәйектелген.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




