«Қуан, freuen(sich), ызалан, entruesten(sich)» лексика-семантикалық өрістерінің ядросы мен перифериясы
Қаралымдар: 310 / PDF жүктеулері: 101
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-130-1-125-130Кілт сөздер:
лексикалық-семантикалық өріс, ядро, периферия, мағынаАңдатпа
Зерттеуде қазақ және неміс тілдеріндегі лексикалық-семантикалық өрістерді
талдау қарастырылған. Лексика-семантикалық өрістердің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтары анықталған. Өрістер – бұл жүйелік білім, олардың ішінде қарым-қатынас пен байланыс бар, өрістердің өзіндік ерекшеліктері бар. Авторлар ‘қуан, freuen(sich), ызалан, entruesten
(sich)’ лексикалық-семантикалық өрістерін қарастырған. Өріс ерекше құрылыммен сипатталады:
өріс ядросы және периферия бөлінеді.
Тілдің барлық бірліктері лексикалық және семантикалық өрістердің иерархиясы түрінде
ұсынылуы мүмкін. «Қуан, freuen(sich), ызалан, entruesten (sich)» лексикалық-семантикалық өрістерінің ядросында өрістің атына жақын мағыналы сөздер жатады, периферияға мағынасында
басқа өрістердің компоненттері бар сөздер жатады.
Өрістің ядросы басым құндылықты білдіретін бірлікпен қалыптасады. Бұл мақалада сипаттамалық әдіс және компоненттік талдау әдісі қолданылған. Қазақ және неміс тілдерінің материалдарында ‘қуан, freuen (sich) - ызалан, entrüsten (sich)’мәні бар лексикалық – семантикалық өрістердің
негізгі лексикалық - семантикалық топтары талданған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




