Қазақ балалар фольклорының жанрлық жіктелімі
Қаралымдар: 301 / PDF жүктеулері: 497
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-130-1-8-14Кілт сөздер:
фольклор, жанр, жанрлық ерекшелік, фольклорлық туындылар, фольклорлық мотивтер, фольклорлық ерекшеліктерАңдатпа
Бұл мақалада қазақ балалар фольклор жанрының халық ауыз әдебиетіндегі ерекшеліктері мен аңызға айналған әдеби туындылар туралы баяндалады. Тарихи деректердегі келтірілген зерттеулердің қазіргі күнгі әдебиет ғылымындағы өзекті мәселелердің шешімін табуға арқау
болатындығы туралы айтылады. Фольклор туындыларын жинақтап, халықтың ұрпағына қалдырған рухани азығын игеріп,оның шығу тарихын игеру, ғылыми тұрғыда талдаулар жасау, тәжірибе
жүзінде жүргізілген елеулі еңбектің нәтижесін көрсетеді. XIX ғасырдағы халық ауыз әдебиетінің
дамуынан бастау алған қазақ балалар фольклорының дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқан
Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларындағы әдебиет пен қазақ балалар фольклорының туындыларын құрудағы ерекшеліктер қарастырылған. Халық ауыз әдебиетіндегі әдіснамалық-ғылыми зерттеулердің, фольклорлық туындылар жайындағы теориялық талдаулардың нәтижесінде айқындалған фольклор туындыларының халық арасында пайда болып, қазіргі күнге келіп
жеткендігі, балаларға арналған фольклорлық шығармалардың халық ауыз әдебиеті ғылымындағы
маңызы мен құндылықтары, болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі орны баяндалады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




