1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің драматургияда бейнеленуі
Қаралымдар: 189 / PDF жүктеулері: 180
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-132-3-28-35Кілт сөздер:
драматургия, жанр, режиссер, тенденция, сахна өнері, бостандық идеясы, азамат соғысы, қоғамдық қайшылық.Аңдатпа
Ғылыми мақалада өткен ғасырдың орта шенінде жазылған, ұлт-азаттық көтерілісін,
қазақ жеріне кеңес өкіметінің орнағанын баяндайтын драмалық шығармалар талданған. Мұнда
драматургтердің аталған тақырыпты жазудағы жазушылардың шығармашылық ізденістері, олардың басты айтар ойы мен идеясының тарихи ситуациялардың мәнін ашуға негізделгендігі жанжақты сөз болады. Зерттеуші қазақтың хас батыры Амангелді Иманұлының тарихи бейнесін суреттейтін Ғ. Мүсіреповтің «Амангелді» және Ш. Құсайыновтың «Caxapa үстіндегі жалау» тарихи
драмаларын негізге ала отырып, авторлардың халық батырының қаһармандық болмысын ашудағы
маңызды ойларын атап өтеді. Сол сияқты З. Шашкиннің «Замана осылай басталды» пьесасының
басты кейіпкері Тоқаш Бокиннің төңкеріс уақытындағы қазақ халқын азаттыққа жетелеуін, езгіден
еркіндікке ұмтылған жастарды бастауын ашып жазған. Автор өткен ғасырдың басында қазақ жерінде болып өткен азамат соғысының қоғам мен адам өміріне кері әсерін, яғни сол уақыттағы кеңестік
құрылымның қазақтың ұлт ретінде дамуына тигізген зардабын нақты дәйектер арқылы зерделейді. Зерттеуге алған шығармалардағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлердің қоғамдық-әлеуметтік орны олардың мінез ерекшеліктеріне, шығармадағы әлеуметтік орнына назар аудару арқылы
ашылған. Мақала авторы пьесалар жазылған уақыттағы драматургтердің көзқарасын бүгінгі жаңа
пайым-түсінікте қарастырады. Сондай-ақ, драматургтердің шығармадағы оқиғалар тізбегін қисынсыз құруы да назардан тыс қалмаған
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




