Кенесары қозғалысына байланысты киелі жерлер
Қаралымдар: 267 / PDF жүктеулері: 247
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-133-4-16-23Кілт сөздер:
тәуелсіздік, ұлт-азаттық қозғалыс, Кенесары, аруақ, киелі жерлерАңдатпа
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлт жадының тұғырнамасы және жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты
ретінде ұлттық кодты сақтай білу туралы нақты айтты: «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» [1].
Қазір мемлекеттік бағдарламаның аясында, «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті
нысандары» атты мәдени-тарихи зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Ел мен жердің, ұлттық дүниетаным, діни болмыс, салт-сана, халықтың қаһармандық
жолы, рухани өмірбаянын айқара ашатын бұл жоба мемлекеттік мүддені нығайтып,
өткен мен болашақтың үйлесімі үшін аса қажет.
Мақаланың нысаны – Кенесары қозғалысына байланысты киелі жерлерге қатысты тарихи деректерді шолу арқылы елдік рух жолында өмірін қиған қаһарман тұлғаны тани
түсу. Қасиет қонған тұлға арқылы елдік мүддені ұлықтау. Кенесары Қасымұлы – қазақтың соңғы ханы, ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Патша үкіметінің 1822-1824
жылдары Орта жүз бен Кіші жүзде енгізген басқару ережелері қазақ ұлтының дәстүрлі басқару және құқық жүйесін жойып, оның орнына округтық және шекаралық орыс
басқару мекемелерін ашты. Келімсектер қазақтың ең шұрайлы жерлерін тартып алып,
қазақ даласының әр өңіріне әскери бекіністерін сала бастады. Отарлаушылық езгіге, бөтенге бағынышты бодандыққа қарсы көтеріліп, Тәуелсіздікті аңсаған Кенесары сұлтан
жүріп өткен жерлер Қазақстанның көп өңірлерін қамтиды. Тарихи жадын ұмытпаған
халықтардың өміршеңдігі заңды құбылыс.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




