Паремиология кеңістігіндегі бинарлық оппозициялардың лексикографиялық ерекшеліктері: салғастырмалы аспект
Қаралымдар: 232 / PDF жүктеулері: 250
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-135-2-120-127Кілт сөздер:
лексикография, паремиялардағы бинарлық оппозициялар, антонимиялық қатынастардың типтері, жіктеу, лексикографиялық ерекшеліктері, ексика-семантикалық бірліктерАңдатпа
Қазіргі лингвистикалық парадигмада нақты семантикалық тілдік бірліктердің анықталуы
лексикографияның өзекті бағыты болып танылады.
Осы мақалада орыс паремиясы мен олардың ағылшын тіліндегі баламасы құрамындағы бинарлық оппозиция лексикалық материал ретінде таңдалған. Лингвистикалық талдау (грамматикалық
құрылымдарды, семантика мен морфологияны талдау) әдісі арқылы құрылып, осы жұмыста қарастырылған паремиялық оппозициялардың жіктемесі ұсынылды. Зерттеу барысында салыстырмалы-салғастырмалы, компоненттік және дескриптивтік әдістер қолданылды. Мақалада антонимиялық қатынастардың типтеріне сүйеніп, паремиологиялық қарама-қарсылықтар
жіктелді. Осы модельге сәйкес паремиялардағы бинарлық оппозициялар олардың түрлері мен қолданыстағы қарама-қарсылықтарды көрсететін тілдік бірліктердің құрамы талданып, осы ұғымдардың семантикалық құрамдық бөліктерінің қарама-қарсылық типі қарастырылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




