Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» шығармасындағы «сүбашы» (әскербасы) бейнесі
Қаралымдар: 236 / PDF жүктеулері: 425
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-135-2-64-74Кілт сөздер:
Жүсіп Баласағұн, Құтадғу білік, сүбашы, әскербасы, әскербасы бейнесіАңдатпа
Мақалада Қарахан дәуірі әдеби мұрасы Ж.Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінде жырланған «сүбашы» яғни әскербасы бейнесі қарастырылады. Көркем шығармада
әскербасының образы Күнтуды мен Өгдүлміштің сұхбаты арқылы берілген. Оны ашып
көсерту үшін «Құтадғу біліктің» Р.Р.Арат жасаған латын графикасындағы транскрипциясы мен қазақ тіліндегі мағыналық аудармасы негізге алынады. Зерттеу барысында
320-дан астам бәйітке талдау жасала отырып, негізгі төрт мәселе айқындалады. Біріншіден, шығармаға арқау болған әскербасының болмысы, кескін келбеті, қарым-қабілеті,
яғни типтік бейнесі ашып көрсетіледі. Екіншіден, Қарахандар мемлекетіндегі әскербасының қандай болғаны және ол қызметтің маңызы дәлелденеді. Үшіншіден, әскербасының қосын басқару әдісі мен жорық тәсілдері және жалпы ел билеудегі ұстанымы сараланады. Төртіншіден, орта ғасыр әдебиетіндегі образ түзу әдісі қандай деңгейде екені
зерделенеді. Жүсіп Баласағұн сомдаған «сүбашы» бейнесі орта ғасыр тарихын бағамдауға
негіз бола алады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




