Түркілік «от» ұғымының этимологиясы
Қаралымдар: 220 / PDF жүктеулері: 363
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-135-2-40-54Кілт сөздер:
сөз мағынасының төркіні мен тарихы, түркі жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдері, этимологиялық реконструкция, фоно-морфо-синтагма-семантикалық өрісАңдатпа
Тіліміздегі көптеген лексикалық бірліктер мен олардың мағыналарының
төркіні мен тарихына этимологиялық талдаулар жүргізілуі керек. Ал этимология теориялық негіздеуді, талдаудың әдістемелік жетілуін талап етеді. Белгілі бір сөздің немесе сөздердің төркіні мен тарихын анықтау мақсатын орындау үшін сөздердің бірінің
бастапқы мағынасын, екінші бір сөздің басқа мағыналарын, үшінші бір сөздердің лексикалық немесе фразеологиялық тіркес, мақал-мәтелдер құрамындағы мағыналарын
талдау, жинақтау және жүйелеу қажет. Бұл мақсат-міндеттердің лингвистика тарихында қарастырылуы ғылым пайда болғалы бар десе де болады. Себебі сөздердің төркіні
мен тарихы адам баласын тәжірибелік, ғалымдарды ғылыми тұрғыларда қызықтырып
отырған. Ізденістің негізгі нысаны сөз мағынасының тарихы болғандықтан, ретроспективалық әдістің синхрония-диахрония, анализ-синтез, индукция-дедукция, жекелеп
және кешенді талдау тәсілдері кеңінен қолданылады.
Мақалада түркі тілдеріне ортақ «от» түбір сөзінің түбір сөз, туынды сөз, лексикалық
тіркес, фразеологиялық тіркес құрамындағы лексикалық және грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары толық есепке алына отырып, түркі жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдерінің материалдары түгел талдау нысанына айналды.
Этимонның этимологиясын зерттеу сөз семантикасы, семантикалық деривация, деривациялық процесс, реконструкция түрлері және семантикалық реконструкция және
сөз этимологиясының негізі – компаративистика деген 5 тағаннан тұрады. Этимологиялық талдау жасалатын сөз фонемалық, морфемалық, лексемалық және синтагмалық
деңгейлерде, яғни кешенді түрде талданды.
Түркі «от» ұғымының этимологиясын сөз семантикасы, сөз тіркесі семантикасы,
түбір сөз семантикасы, туынды сөз семантикасы, күрделі сөз семантикасы тұрғыларынан талдай отырып, «от» семасының архисемасы – «өсімдік» мағынасы деген түйін
жасауға болады
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




