Якуб Колас және Янка Купала өлеңдерінің қазақ тіліне аудармалары: контрастық-семантик
Қаралымдар: 258 / PDF жүктеулері: 463
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-135-2-8-21Кілт сөздер:
контрасты лингвистика, контрасттық лексикалық семантика, контрастты жұп, поэзия аудармасы, аударма трансформациялары, семантикалық контекст, прагматикалық адекватты аудармаАңдатпа
Мақалада Беларусь әдебиетінің классиктері Якуб Колас пен Янка Купаланың кейбір өлеңдерінің аудармаларына контрастық-семантикалық талдау жүргізілді. Жеке лексемалар, сөйлемдер мен
шумақтар деңгейінде түпнұсқа мен оның аудармаларының мазмұнына қатысты ортақ және ерекше сипаттары айқындалды. Аудармада қолданылатын трансформациялар (лексикалық, грамматикалық алмастырулар, ауыстырулар, толықтырулар, түсіріп тастау және т.б.), стилистикалық құралдар (инверсия,
метафора, синоним) анықталды. Сонымен қатар аудармадағы кейбір дәлсіздіктер көрсетілген. Жалпы,
беларусь поэзиясының қазақ тіліне аудармалары дәл, прагматикалық тұрғыдан адекватты деген тұжырым жасалды. Кейде қазақ мәтіні түпнұсқамен салыстырғанда едәуір динамикалы, мәнерлі болады, бұл
көбіне екі тілдің тілдік жүйелерінің ерекшеліктеріне де, аудармашы тұлғасына да байланысты екендігі
көрсетілді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




